Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жамбылда қалың тұман кезінде 14 автокөлік бір-біріне соқтығысқан



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:06 - 2019/12/09

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/zhambylda-kalyn-tuman-kezinde-14-avtokolik-bir-birine-soktygyskan_a3592936


Жамбылда қалың тұман кезінде 14 автокөлік бір-біріне соқтығысқан

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында бір бағытта бара жатқан 14 көлік бір-біріне соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда оқушылар мінген көлік апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты БҚО-да жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жеткізілді Алматыда мас күйінде көлік айдап, адам өлтірген әйел қамалды

Аталған жол апаты Байзақ ауданы Ақшолақ ауылы маңында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолының 472 шақырымында болған. Оған қалың тұман, көктайғақ себеп болған.

«ЖКО салдарынан жеңіл жарақат алған 2 адам ауруханаға қаралды. Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта көлік қозғалысына кедергі жоқ», - деді облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев.

Осыған орай, департамент өкілдері жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтауды, жолда аса сақ болуды ескертеді.

«Жамбыл облысы Полиция департаменті «ҚазАвтоЖол» компаниясына жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қыста облыс жолдарында кедергілерді болдырмау жөнінде ұйғарым жіберген болатын. Аталған компания «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар тас жолының Жамбыл облысы аумағынан өтетін 450 шақырым жол жағдайына жауапты», - делінген ведомство хабарламасында.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1082000
Пікірлер

Көрші сілтемелер