Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-191033433346 %54 %
2020-01-201839508052 %48 %
2020-01-21666174746 %54 %

Ресейдегі ірі жол апаты: автокөлік 12 адамды қақты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:57 - 2019/12/08


Ресейдегі ірі жол апаты: автокөлік 12 адамды қақты

НИЖНИЙ НОВГОРОД. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдің Нижний Новгород қаласында автокөліктің жаяу жүргіншілерді қағып кетуі салдарынан бір адам қайтыс болып, 12 адам зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда күдік тудырған жәшік үшін көшелерді жауып тастады Одесса колледжіндегі өрт: Владимир Зеленский 8 желтоқсанды қаралы күн деп жариялады Нұр-Сұлтан-Павлодар трассасында жүкті әйел мен тағы 7 адам құтқарылды

«Аймақтық Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан 12 адам зардап шеккен, олардың 9-ы – жасөспірім балалар. Барлық кәмелетке толмаған оқушылар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ересектердің біреуі жеңіл жарақат алса, екіншісі шамамен орташа ауыр деңгейдегі жарақат алған. Тағы бір ересек қайтыс болды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Балаларды ертіп жүрген әйел қайтыс болған.

Алдын ала ақапарт бойынша, балалардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, облыстық балалар ауруханасы олардың барлығына қажетті көмек көрсету үшін өз жұмысын күшейтті.

Зардап шеккендер - 9-сыныптың тоғыз оқушысы.

«Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Екеуі ауыр халде», - деп атап өтті агенттік өкілі.

Ресейдің Нижегород облысы бойынша Тергеу комитетінің Тергеу басқармасы ірі жол апатын жасаған күдіктіні ұстағаны туралы хабарлады.

«Нижегород облысы бойынша Ресейдің Тергеу комитетінің ерекше маңызды істерді тергеу жөніндегі бірінші бөлімінің тергеушісі бір әйелді өлтіріп, тоғыз оқушыны жарақаттаған жол-көлік оқиғасы туралы қылмыстық істі тергеу кезінде РФ ҚІЖК 91-92-баптары негізінде 43 жастағы күдікті азамат ұсталды», - делінген хабарламада.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1081503
Пікірлер

Көрші сілтемелер