Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Австралиядағы орман өрті Сиднейге жақындады - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 10:10 - 2019/12/08

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/359734-avstraliyada-y-orman-rti-sidnejge-zha-yndady



Австралиядағы орман өрті Сиднейге жақындады


Австралияда бір жарым айдан бері жалғасып келе жатқан орман өрті Сидней қаласына жақындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты шаһардың оңтүстік-шығысындағы шеткі аудандардың тұрғындарын эвакуациялауға дайындық жүріп жатыр. Жалпы Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында 108 өрт ошағы тіркеліп отыр. Өрт сөндірушілер олардың тек 30-ын ғана өшірген. Бірақ лаулаған жалын 2 миллион гектар жерді күлге айналдырды. Табиғи апаттан осы уақытқа дейін 6 адам көз жұмып, тағы 30 тұрғын жапа шеккен. 700-ге жуық үй жанып кетті. Өртті сөндіруге АҚШ, Жаңа Зеландия және Канада елінен келген мамандар көмектесіп жатыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1081448
Пікірлер

Көрші сілтемелер