Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-25980317759 %41 %
2020-01-261180367846 %54 %
2020-01-271557719571 %29 %

ҚР Үкіметінде зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:48 - 2019/12/06


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Қырымбек Көшербаев ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты Сарыағаш ауданында Президент Жолдауы кеңінен насихатталды Қазақстандықтар зейнетақы жинағын баспана алуға жұмсай ала ма – Үкімет басшысы жауап берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қорғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында Үкіметке жұмыс істейтін азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.

Отырыс кезінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің тиімділігін бағалауды және халықаралық тәжірибе талдамын ұсынды.

Сонымен қатар зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар қаралды. Атап айтқанда, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға пайдалану, Бірыңғай әлеуметтік қор құру, бірыңғай әлеуметтік төлем енгізу және басқа да мәселелер талқыланды.

Отырыста аталған мәселелер бойынша сындарлы талқылау жасалып, пікір алмасылды, тиісті ұсыныстар білдірілді. Биылғы жылдың соңына дейін жұмыс тобы ұзақмерзімді актуарлық модельдер негізінде зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейтін болады.

Отырысқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Тамара Дүйсенова, «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» ЗТБ Кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова, «First Heartland Jysan Bank» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Болат Жәмішев, «Атамекен» ҰКП атқарушы хатшысы Алёна Романова, «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС аға серіктесі Олжас Құдайбергенов, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1080861
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар