Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-111970784544 %56 %
2019-12-12862197734 %66 %

Ақтаулық мүмкіндігі шектеулі жандар мерекелік төлемақыларын уақытында ала алмай жүр - Қазақстан және



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 22:10 - 2019/11/19



Ақтаулық мүмкіндігі шектеулі жандар мерекелік төлемақыларын уақытында ала алмай жүр


Ақтаудағы мүмкіндігі шектеулі жандар мерекелік төлемақыларын уақытында ала алмай жүр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Маңғыстау облысының орталығында 9200 мүгедек адам тұрады. Олардың екі мыңға жуығы – кәмелеттік жасқа толмағандар. Осы санаттағы тұрғындарды қаржылай қолдау мақсатында жылына бес рет жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді. Оларға тиесілі ақша биыл кешігіп беріліп жатыр.

Алтынашар Қалаубаева Атамекен ауылдық округінде тұрады. Арбада отырып билеу үйірмесіне инватаксимен қатынайды. Үйде әшекей бұйымдарды тігіп, әлеуметтік желіде саудалайтын сүйікті кәсібі бар. Бұл ретте мемлекеттік мерекелік күндері берілетін қосымша қаржы қолын ұзартқан.

Алтынашар Қалаубаева, І топ мүгедегі:

– Үкімет бөлгесін күтіп отырмыз. Кішкене болса да көмек қой. Кешігіп жатса, ыңғайсыз болады. Біреуден қарыз аласың, ол да желкеңде бірдеңе тұрғандай болып тұрады. Басында беріп жатқанда ерте түсетін еді. Қазір екі апта, үш апта, бір ай өткенде түсті.

Мемлекеттен төленетін әлеуметтік төлемақылардан бөлек мүмкіндігі шектеулі қала тұрғындары алты жылдан бері әкімдіктен қаржылай қолдау алып жүр. Өңірлік бағдарлама аясында осы мақсатта бюджеттен қаражат бөлінеді. Орта есеппен бір адам 12 мың 625 теңге алады. Осынша ақшаның бір жылда бірнеше рет төленуі мүгедектер үшін әжептәуір көмек. 

Гүлнар Қайырлиева, ЖҚжӘБ бөлімінің бастығы:

– Республика бойынша тек біздің өңірде мүгедектер үшін жылына 5 рет жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлінеді. Ал мүмкіндігі шектеулі балалар жылына 6 рет төлемақы алады. Барлығын қоса алғанда, осы санаттағы ересек адам үшін жылына 63 мың, бір балаға 75 мың теңге мерекелік төлемақы тағайындалған. Қараша не желтоқсан айлары берешек қаражатты толық төлейміз деп ойлаймын.

Жауапты мамандар мерекелік төлемақының биыл кешігуін мүмкіндігі шектеулі адам санының өсуімен түсіндіреді. Осы себепті бюджетке түзетулер енгізілген. Құжат қалалық экономикалық жоспарлау бөлімінде қаралып жатыр. Соңғы деректе сенсек, сегіз мыңнан астам мүгедек жанға төлемақы беріліпті. Қалғанының банк картасына осы аптаның соңына дейін түсуі керек.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1073810
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар