Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-111970784544 %56 %
2019-12-12862197734 %66 %

Тауға шығу дайындықты талап етеді | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 15:42 - 2019/11/14




ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары тауға шығатын туристерді, дайындықсыз жорықтар қауіп-қатерге толы екенін ескертеді.

Ведомствоның мәліметінше, соңғы жылдары тауға саяхат жасайтын топтар әлеуметтік желіде танымал бола бастады. Бір-бірін жақсы танымайтын адамдар тауға бірге шығуды әдетке айналдырған. «РЖҚЖ құтқарушылары бұл өте қауіпті екенін ескертеді. Жақсы таныс адамға ғана сену керек. Тауға жалғыз барудың қажеті жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының күрт өзгеруі және қар көшкіні туралы ескертіп, SMS хабарламаларын үнемі жіберіп отырады. Алайда, бұл туристерді тоқтатпайды, адамдар ескертуге қарамастан тауға шығып кетеді. Оның соңы қайғылы жағдаймен аяқталады»,- деп хабарлайды РЖҚЖ. Сондай-ақ, туристер тобындағы әр адам РЖҚЖ базасында тіркеуден өтуі керек. «Құтқарушылар сіздің маршрутыңызды жазып алады және қайтатын бақылау уақытын анықтайды. Қиындық туындаған жағдайда бұл мамандарға бағытты тезірек анықтауға көмектеседі», — деп толықтырды ведомство.

Дереккөз: inform.kz


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1071898
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар