Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-192440715839 %61 %
2019-11-201983628842 %58 %
2019-11-21855339450 %50 %

Діни оқу орындары мұғалімдері кәсіби біліктілігін арттырды – Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 20:10 - 2019/11/09


Діни оқу орындары мұғалімдері кәсіби біліктілігін арттырды – Sunna.kz

Бүгін Астана медресесінде өткен «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа форматтағы педогогі» республикалық семинары тәмамдалып, қатысушыларға біліктілікті растайтын сертификаттар табысталды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен елімізде тұңғыш рет өткізіліп жатқан 72 сағаттық курсқа республика бойынша 74 оқытушы қатысқан еді. ҚМДБ-ға қарасты барлық медресе колледждер мен Ислам институтының ұстаздарына 31 шілде мен 12 тамыз аралығында өткен техникалық және кәсіптік білім беру курстарына қатысқанды куәландыратын құжат берілді.Ұстаздар семинардың оқу жоспарын төмендегі 5 модуль бойынша орындады: «Техникалық және кәсіптік білімнің жаңа парадигмасы және даму стратегиясы», «Техникалық және кәсіптік білімді нормативтік, бағдарламалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету», «Функционалдық АКТ-құзыреттілік», «Кәсіптік педагогикажәне психология негіздері», «Техникалық және кәсіптік білім беруді жоспарлауға және ұйымдастыруға заманауи тәсілдемелер».

«QAZSERT» Қазақстан Республикасының сертификаттау, тестілеу және кәсіптік бағдарлау ұйымдарының қауымдастығының президенті А.Бүрлібайдың атынан сертификаттарды  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Сараптама орталығының басшысы Балғабек Мырзаев пен ҚМДБ аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев салтанатты түрде табыстады.

IMG 5284

IMG 5290IMG 5319

IMG 5318IMG 5337IMG 5314IMG 5405IMG 5331Сондай-ақ, шара барысында «QAZSERT» қауымдастығы республикалық курсты жоғары дәрежеде ұйымдастыруға атсалысқан «Нұр Астана» орталықмешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлына, Астана медресесінің директоры мен ұжымына мақтау қағаздарын тапсырды.

IMG 5368

IMG 5419ummet.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1069976
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар