Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шымкентте топырақ астында қалған үшінші адамның жағдайы қанағаттанарлық - Қазақстан және әлемдегі со



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 20:00 - 2019/11/09

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-i-a/item/353616-shymkentte-topyra-astynda-al-an-shinshi-adamny-zha-dajy-ana-attanarly



Шымкентте топырақ астында қалған үшінші адамның жағдайы қанағаттанарлық


Шымкенттегі әкімшілік-іскерлік орталығы аумағындағы құрылыс нысанында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда 9 қабатты 56 пəтерлі тұрғын үйлерді салу барысында қазаншұңқыр топырағы опырылып құлап, техникалар жүргізушілерімен бірге топырақ астында қалған. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 11 техникасы мен 40 құтқарушысы дереу іске кірісіп, 3 жүргізушіні астынан алып шыққан. Шұңқырдың тереңдігі 20-25 метр, ал көлемі 37 метрді құрайды. Оқиға кеше кешкісін болды. Іздестіру-құтқару жұмыстары шамамен 5 сағат уақыт көлемінде жүргізілді. Жұмысшылардың екеуі оқиға орында қаза тапқан. Ал, үшінші азаматтың денсаулығы қазір қанағаттанарлық жағдайда. Тиісті медициналық көмек көрсетілуде. Қазіргі таңда төтенше жағдай бойынша полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Ал мұндағы құрылысқа жауапты «Югстройсервис-Н» ЖШС. Компания қайтыс болғандар мен жарақат алған жұмысшылардың отбасына қаржылай көмек көрсетпек.

Ербол Ахметов, қалалық құрылыс басқармасының басшысы:

- Бүгінгі таңда төтенше жағдайлар департаменті ішкі істер органдары мен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бізде айтады ғой, «Тас тиген жер ауыр» деп, сондықтан да қаза болған отбасылардың қайғысына ортақтасып, көңіл білдіреміз. Қайғылы жағдай.

Марат Сейітжанов, мердігер мекеменің өкілі:

- Бізде жаңағы мынау ауа райына байланысты пайдалану үшін екінші сменді 2 сағатқа созғанбыз. 7-ден 9-ға дейін деп. Сол екі ортада болды ғой енді жағдай. Енді техника қауіпсіздігі қарастырылған. Өзіміз күтпеген жағдай болды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1069973
Пікірлер

Көрші сілтемелер