Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-192440715839 %61 %
2019-11-201983628842 %58 %
2019-11-21855339450 %50 %

Алматыда Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 19:50 - 2019/11/09


Алматыда композитор Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ескерткіш Республика сарайының солтүстік жағында қойылды.

«Шәмші ағамыз өзінің әндерін жастарға да, жастардың маххабатына да, думанға да, ел абыройын асқақтататын жағына да бағыштаған. Ол әндерімен әр шаңырақты тербетіп қойған жоқ. Бүкіл қазақ жерін тербетті. Ел тәуелсіздік алған соң халық әртісі атағын алды. Ал бірақ халқы оның атағын одан әлдеқайда бұрын берген. «Қазақ вальсінің королі» деген. Ондай атаққа жететін атақ жоқ. Бұл – елдің, халықтың сүйспеншілігі», - деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Ескерткіштің ашылуына өнер саласындағы азаматтар, өнерсүйер қауым, қаланың зиялы қауым өкілдері, композитордың жұбайы Жәмила Қалдаяқова және ұрпақтары келді.

«Бүгін сондай құтты күн. Келіп, бас иіп құттықтап келгендеріңізге рахмет. Шәмші Қалдаяқов халықтың сүйген композиторы, бақытты жан. Маған «Жәмила, мен өте бақытты адаммын, мені халық жақсы көреді, барған жерімде құрметтейді» деп айтатын», - деді Жәмила Қалдаяқова.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1069972
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар