Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-181794515640 %60 %
2019-11-192440715839 %61 %
2019-11-20554164944 %56 %

Үкімет жұмыс тобының Ақмола облысына сапары: МӘМС тиімді тұстары түсіндірілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:21 - 2019/11/09


Үкімет жұмыс тобының Ақмола облысына сапары: МӘМС тиімді тұстары түсіндірілді

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы Көкшетаудағы Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында медициналық қызметкерлермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин Ыстанбұлда Қазақстан–Түркия Үкіметаралық комиссиясының отырысына және бизнес-форумға қатысады Денсаулық сақтау және білім беру жүйелерінің сапасын арттыру: Үкіметтік жұмыс тобы Павлодар облысына барып қайтты Жеңістің 75 жылдығы: Сапарбаев ардагерлерге бірыңғай төлем белгілеуді тапсырды

Кездесуге жұмыс тобының құрамында болған Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров қатысты.

Жүздесуде сөз алған Б.Сапарбаев арнайы баяндама жасап, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде денсаулық, әлеуметтік медициналық сақтандыру салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен бөлінетін қаржы туралы айтты.


«Бүгінгі сапарымыздың негізгі мақсаты - Мемлекет басшысының Жолдауында Үкіметке берген тапсырмаларының қалай орындалып жатқаны және келешекте атқарылатын жұмыстарын халыққа кеңінен түсіндіріп, мәлімет беру. Осы күні қандай да бір саяси дағдарыстар мен экономикалық қиыншылықтарға қарамастан Үкіметтің алдында халықтың тұрмысын жақсарту міндеті тұр» , - деп атап өтті Б. Сапарбаев.


Кездесуде медицина саласы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, медициналық қызмет сапасын арттыру және материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелері талқыланды.

«Бүгінгі күні республика бойынша шартты түрде халықтың 87 пайызы сақтандырылған болса, оның ішінде 10 миллион адам жеңілдетілген санатқа жатады, 5,4 миллион жалдамалы жұмысшылар, 700 мыңға жуығы жеке кәсіпкерлер, тағы 200 мың адам бар. Елдің қалған азаматтары жүйенің дербес қатысушылары бола алады.


Ақмола облысы бойынша 392,4 мың адамға жеңілдік жасалады. 234,8 мың адам жалдамалы жұмысшылар қатарына жатады. 30,9 мың адам жеке кәсіпкерлер. Осылайша, Ақмола облысы халқының 90 пайызы сақтандыру жүйесіне енгізілді», - деді Камалжан Надыров.

Осы ретте, Бердібек Сапарбаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізу арқылы денсаулық сақтау саласы жүйесін қаржыландыру көлемі артатынын атап өтті.

«Бүгінгі жиі айтылып жүрген мәселе - медициналық қызмет сапасы. Бұл туралы БАҚ-тардан естіп, көріп те жүрсіздер. Осы бағытта Үкімет тарапынан денсаулық саласына қыруар қаржы бөлініп келеді. Сондықтан, әр дәрігер қызметіне адал болып, халыққа сапалы қызмет көрсеткені маңызы. Жалпы, келер жылдан бастап денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруда мәселе туындамауы керек. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу арқылы біз барлық мәселені шешуіміз керек», - деді вице-премьер.


Сонымен қатар кездесуде халықты уақтылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі де айтылды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1069963
Пікірлер

Көрші сілтемелер