Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-134580823558 %42 %
2019-11-141757522045 %55 %
2019-11-1510520846 %54 %

Құмды шөлді кесіп өтетін ең ұзын автобанның құрылысы бітуге таяу - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:12 - 2019/11/09


Құмды шөлді кесіп өтетін ең ұзын автобанның құрылысы бітуге таяу - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда жаңа және дәстүрлі медиа тақырыбында форум өтті Елбасы Президент жұмысына араласпайды - Дәурен Абаев елдегі «қос билік» қауесеті туралы Отандық БАҚ-ты қолдау жұмыстары жүріп жатыр - Ләззат Сүйіндік

«Әулиелер шежіресі» екінші рет жарыққа шықты - «Фарс» ақпарат агенттігі

https://parstoday.com/kk/news/kazakhstan-i43915


Фарид ед-Дин Әттардың «Тазкерат үл-оулиа» шығармасынан ықшамдалып алынған әңгімелер жинағы «Әулиелер шежіресі» деген атаумен қазақ тілінде екінші рет жарыққа шықты.

Бұл туралы ирандық parstoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған ақпарат көзінің дәйегіне сүйенсек, «Тәзкерат үл-оулиа» – Алланың таңдаулы әулиелері мен белгілі сопыларының қанатты сөздері мен ойлары, мұғжизалары мен бастарынан өткен оқиғаларын қамтитын жинақ. Бұл шығармада сөз болатын ұлылардың әрқайсысы өз заманында хақты сүйетіндердің жандарын алаулатып, дүниеден өткен. Бәлкім, олардың басынан өткен оқиғалар кейбір кездері асыра айтылғандай, тіпті аңызға ұқсас көрінуі мүмкін. Алайда мәселе таңқаларлық оқиғаның қалай болғанында емес, оның сопылық болмысы мен рухында. Шын мәнінде, Әттар осы шығармасында баяндаған сопылар мен тақуалардың өмірбаяндары адам рухының шексіз қабілеті мен ұшқырлығының шекарасын көрсететін айна іспеттес. Әлбетте, қарапайым да кестелі қара сөзбен қатар Әттардың ақындық қиялы да бұл еңбектің құнын екі есе арттырған.

«Афшин Ала дайындаған таңдамалы шығарманы Айнаш Қасым қазақ тіліне аударды. Шығармаға тек жеті адамның ғана өмірбаяны енгенін айту қажет. Әттардың «Тазкарет үл-оулиа» еңбегінің толық нұсқасында олардың саны жетпіс екі адам, ал аңыз бойынша тоқсан жеті адамға жетеді» деп түйіндейді ирандық БАҚ.

Құмды шөлді кесіп өтетін әлемдегі ең ұзын автобан құрылысы аяқталуға жақын - «Жэньминь жибао» (People Daily)

http://kazakh.people.com.cn/159831/15787415.html

2768 шақырымды құрайтын Бейжің – Шынжаң автобанының «соңғы бір шақырымы» қалды, деп хабарлайды Қытайдың People Daily ақпараттық порталы.

Ақпарат көзінің мәліметінше, 2017 жылы басталған автобанның жалпы ұзындығы 2768 шақырым. Бұл Қытайдың аса үлкен құмды шөлін кесіп өтетін әлемдегі ең ұзақ автомагистраль деп аталуда. Аталған жоба Шынжаңдағы Утұң дачуаннан Мори қазақ автономиялы ауданына дейінгі бөлегіндегі жұмыстары «соңғы бір шақырым» деп белгіленді.

«Бұл автобанның құрылысы 2020 жылы қыркүйекте бітіп, қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Аталған жоба аяқталғанда Құмыл қаласынан Үрімжіге барғанда, бұрынғыдай алыс жолды айналып жүрудің қажеті жоқ. Енді екі қаланың арасы шамамен 200 шақырымдай қысқарады...» деп жазады «Жэньминь жибао».

Қазақстан мен Өзбекстан зиярат туризмін бірлестірмек - «ӨзА» ақпараттық агенттігі

http://uza.uz/kz/tourism/aza-stan-men-zbekstan-ziyarat-turizmin-birlestirmek--05-11-2019

Өзбекстан мен Қазақстан арасында зиярат туризміне байланысты «Алтын шаршы» жобасы іске асырылуы мүмкін.



Бұл жоба өз аясына Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мен Өзбекстан аумағындағы Қоңырат жеріндегі Хәкім ата (Яссауидің шәкірті), сондай-ақ осындағы Зәңгіата (Яссауидің шәкірті) мен Түркістандағы Арыстанбаб (Яссауидің ұстазы) зиярат орындарын бір-бірімен байланыстыруды мақсат еткен.

Бұл туралы Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бұл жөнінде 4 қараша күні Түркістандағы өткен халықаралық туристік форумда Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Азиз Абдухакимов мәлім еткен.

«Қазіргі күнде Өзбекстанның туризм саласы біршама алға басып келеді. Өйткені осыған дейінгі жасалып жатқан жұмыстар өз жемісін бере бастады. Өткен 2018 жылда елге 5 миллионнан астам турист келген болса, биыл осы көрсеткішті жыл соңына дейін 6,5 миллионға жеткізуді мақсат етіп отырмыз. Әрине, туристер ағымы артқан сайын ел экономикасы да алға жылжиды деген сөз. 2018 жылда туризмнің ЖІӨ-дегі үлесі 1 млрд долларды құрады. Ал биыл бұл сома 1,3 млрд долларға жетеді деп отырмыз. Сондықтан ең әуелі біздер көрші елдермен осы салада мықты байланыстар орнатып, екі жаққа да тиімді болған ортақ жобаларды жүзеге асыруға әрекеттеміз. Қазірде Қазақстан мен Өзбекстан арасында қаншама меморандумдар жасағанбыз», - деді Азиз Абдухакимов.

Баян-Өлгий аймағының негізгі әлеуметтік көрсеткіштер серпіні қандай? - kaznews

https://kaznews.mn/bayan-olgii-aimagi-aleumettik-jagdayi/

Осы апта моңғолиялық kaznews ақпараттық порталында Баян-Өлгий аймағының негізгі әлеуметтік көрсеткіштері, халық саны, ЖІӨ, жұмыссыздық деңгейі, экономиканың өсу қарқыны, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, банк, жинақ, кредит сынды әртүрлі салалар жайында жан-жақты тоқталған.


Атап айтар болсақ, Баян-Өлгий аймағының халық саны 2019 жылғы 30 қыркүйектегі статистикалық мәлімет бойынша 105590 адамға жеткен, - деп жазады моңғолиялық БАҚ.

Экономикалық салалардың өсу қарқыны бойынша, өнеркәсіп саласының кірісі 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекті 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 11.2 пайызға, сату көлемі 12.3 пайызға өскен.

Жазба соңында kaznews басылымы сүт пен түбіттің бағасы 36.4%-ға арзандағанын айтады.

Ал көлік саласында, аталған аймақтың жылдық кірісі артқан.

«2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда жүк тасымалы 39.3 пайызға, жүк айналымы 36,3 пайызға, жолаушылар саны 76,3 пайызға өскен. Көлік саласының кірісі 984.6 млн», деп түйіндейді моңғолиялық басылым.

Түркиядағы су асты мұражайы әлемде екінші орынға шықты - TRT

https://www.trt.net.tr/kazakh/m-dieniiet-onier-zh-nie-sport/2019/11/05/sidie-su-asty-mu-razhaiy-liemdie-iekinshi-oryn-aluda-1299963

Сиде су асты мұражайы ашылғаннан осы таңға дейін 50 мың адамды күтіп алды, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы.

Түркиядағы алғашқы Сиде су асты мұражайы 117 мүсіннен құралған коллекция арқылы қызығушыларды көптеп тартып жатыр.



Түркиялық БАҚ-тың мәліметінше, Ыстанбұл мен Мәрмәр, Эгей, Жерорта теңізі, Қаратеңіз аймақтары Теңіз сауда палатасы Анталия филиалы тарапынан Манавгат ауданында салынған Сиде су асты мұражайы 2015 жылы 31 қазанда ресми түрде ашылды. Содан бері 50 мың адам теңіз астындағы тіршілікті тамашалаған.

Сиде су асты мұражайы Мексикадағы 400 мүсінді су асты мұражайынан кейін 117 мүсінімен әлемде екінші орында, деп жазады TRT.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1069830
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Венецияда төтенше жағда 29 min
ҚХЛ: «Барыс» ресейлік к 1 sagt
Ақтөбеде оқушы өлімінен 1 sagt
15 қарашада ел аумағыны 1 sagt
Қадір түнінде жасалатын 1 sagt
Түркістанда спорт ғимар 1 sagt
АҚШ-тың білікті маманда 2 sagt
БҚО-да қорықшыға шабуыл 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Алдағы екі жылда Қызыло 2 sagt
Үкіметтік жұмыс тобы Жа 2 sagt
Өскеменде Жамбыл Жабаев 3 sagt
Ақтауда 200-дей отбасы 3 sagt
Процветающие рынки, как 3 sagt
Нұр-Сұлтанда көмір баға 3 sagt
ӘЗ-ЗӘҺИР СҰЛТАН БЕЙБАРЫ 3 sagt
Трамп пен Ердоған ортақ 3 sagt
Қазақстанның 40% аума 3 sagt
Таяу Шығыстағы шырғалаң 3 sagt
Два хадиса про омовение 3 sagt
Словакияда жантүршігерл 3 sagt
Дәурен Абаев: Әлеуметті 3 sagt
Өскемендегі шағын аудан 3 sagt
Дариға Назарбаева Армен 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Ешкім ақша аударымдары 4 sagt
Они жалуются только Алл 4 sagt
Алматы облысында 300-де 4 sagt
Демалыс күндері елордад 4 sagt
Қарағандыда таяуда тапс 4 sagt