Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-192440715839 %61 %
2019-11-201983628842 %58 %
2019-11-211327469650 %50 %

Ғұсман Қырғызбаев қазан айының үздік спортшысы атанды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 11:20 - 2019/11/09


Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында «Қазан айының ең үздік спортшысына» дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Дауыс беру нәтижесі бойынша дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев жеңіске жетті.

Қазан айының үздігі атануға 6 спортшы үміткер болды. Олар: Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо), Элизабет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау), Андрей Чугай (велоспорт), Милана Сафронова (бокс), Дина Исламбекова (бокс) және Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика).

Дауыс беру бүгін, 8 қараша сағат 13:00-де тоқтатылды.

Нәтижесінде 42,50 пайызбен Ғұсман Қырғызбаев үздік атанды. Андрей Чугай 42,14 пайызбен екінші орынға жайғасты.

Ал 7,92 пайыз дауыс жинаған Милана Сафронова үшінші орынға ие болды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1069807
Пікірлер

Көрші сілтемелер