Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-133195474366 %34 %

Финляндияда сирек құбылыс байқалды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 11:10 - 2019/11/09


Финляндияның жағажайында жұмыртқа пішінді мыңдаған мұз шарлар пайда болды. Бұл - сирек кездесетін ауа райы құбылысының нәтижесі, деп жазады ВВС.

Фотограф Ристо Маттила Финляндия мен Швейцария арасындағы Ботаникалық шығанақтағы «мұз жұмыртқаларды» суретке түсіріп алған. Сарапшылардың айтуынша, бұл сирек процесс нәтижесінде пайда болған, яғни, кішкентай мұздың көлемі жел мен судың әсерінен ұлғайған.

«Мен жағажайда жұбайыммен қыдырып жүргенде осы мұз шарларды байқадым. Ауа райы 1C (32F) болып тұрды және жел болды. Мұз шарлар шамамаен 30 метр жерді алып жатыр. Олардың ең кішкентайы жұмыртқа пішіндес болса, ең үлкені футбол добымен бірдей», деді фотограф ВВС-ге берген сұхбатында.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай шарлардың пайда болуы үшін ауа райы суық және желді болуы керек. Яғни, мұз бөлшектерін жел ұшырып, олардың көлемі ұлғайған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1069805
Пікірлер

Көрші сілтемелер