Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Чилиде университет ғимаратын өртеп жіберді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 09:18 - 2019/11/09

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/chilide-universitet-gimaratyn-ortep-zhiberdi_a3583734


Чилиде университет ғимаратын өртеп жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұма күні тәртіпсіздікке ұласқан наразылық кезінде Чили астанасындағы Педро де Вальдивия атындағы университеттің ғимараты өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24 Horas телеарнасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Финляндияда сирек құбылыс байқалды Калифорнияда үйдің үстіне ұшақ құлады Италияда ерекше бала дүниеге келді

Телеарнаның эфирінде оқу орнының тұтастай отқа оранған сәті көрсетілген. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жалынмен арпалысып жатыр. Олардың мәліметтеріне қарағанда, оқу орнын қасақана өртеген.

Жекеменшік университет кезекті мыңдаған адам манифестациясы өтіп жатқан Бакедано алаңына жақын маңда орналасқан.

Акцияға қатысушылар әлеуметтік әділетсіздікке және қазіргі үкіметтің саясатына қарсылықтарын білдіруде.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1069776
Пікірлер

Көрші сілтемелер