Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Адалдық сағаты» соқты – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 03:30 - 2019/11/09

Нақты Көзі: http://www.astana-akshamy.kz/adaldyq-saghaty-soqty/


«Адалдық сағаты» соқты – Астана Ақшамы

Жастар жылы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас­тамасымен елордалық 86 мектептің 6, 7, 8-сынып оқушыларына «Адалдық сағаты» респуб­ликалық шарасы өтті.Іс-шараға агенттіктің аумақтық департамент басшылары, «Адалдық алаңы» жоба кеңсесінің менеджерлері, арнайы мониторингтік топтың мүшелері, Білім басқармасының өкілдері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Nur Otan партиясының өкілдері қатысты.
Аталмыш шара аясында елордалық департамент басшысы Нұрлан Қыдырбаев оқушы­ларға адал еңбек ету, рухани-­адам­гершілік құндылықтар жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ «Парасаттылық дегеніміз не?» деген сұраққа ұлы Абайдың «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» нақыл сөздерінен мысал келтіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтудің түпкі негізі парасаттылық идеологиясында жатқанын ерекше атап өтті.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1069747
Пікірлер

Көрші сілтемелер