Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-134580823558 %42 %
2019-11-141757522045 %55 %
2019-11-1510520846 %54 %

Астана қалай цифрланып жатыр? – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 03:00 - 2019/11/09


Астана қалай цифрланып жатыр? – Астана Ақшамы

Жақында өткен Digital Bridge халықаралық технологиялық форумына қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігін үздік цифрландырылған кеңсе деп таныды. Шетелдік мамандар цифрландыру қарапайым халықтың мүддесін көздейтінін атап көрсетті.Бүгінде жер-жаһанның халқы 7,6 млрд-қа жетті. Олардың 55 пайызы қалада тұрады. БҰҰ болжамына сенсек, 2050 жылы әлемде шаһарға қоныстанушылардың үлесі 68 пайызға дейін өспекші. Тұрғындарының қарасы қалыңдаған сайын қаланың тұрмыс-тіршілігіндегі проблемалар да көбейе түсетіні түсінікті. Мұндайда тығырықтан шығар жол жалғыз – «ақылды қала» жүйесін қалыптастыру.
Қазіргі кезде әлемнің 2500 қаласы «ақылды қала» тұжырымдамасын жүзеге асырып отыр. Осы жүйеге Қазақстаннан 2 мегаполис енген: Нұр-Сұлтан мен Алматы. Елорда қаланың жетілуін бағалайтын IDC Smart City моделі бойынша 2018 жылы 2,48 балл иеленді. Ең цифрлық мемлекет саналатын Сингапурде бұл көрсеткіш 4,4 балды көрсетеді.
Бас қаланың әкімі А.Көлгіновтің айтуынша, адамзаттың болашағы қалалармен байланысты болмақ. Қала өмір сүруге қолайлы және қауіпсіз болуы керек. Сондықтан да елордада Еуропаның озық қалаларының тәжірибесіне сүйене отырып, қауіпсіздік, логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ТКШ және қоғамдық қызметтер стандарттарына негізделген «ақылды қала» тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.
– Азаматтардың мәселелерін жедел әрі оңтайлы шешудің бір жолы – олардың мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынас орнатуында жатыр. Сол себепті елорда әкімдігі жанынан құрылған қала акселераторы шаһар дамуының жүйелі және стратегиялық мәселелерін шешуге арналған бірыңғай алаң болып табылады, – деді Алтай Көлгінов.
Әкім өзінің Instagram парақшасына «Қазіргі заманда цифрлау туралы естімеген адам сирек, әлеуметтік желілер әсерлі коммуникация құралына және өзара диалог қалыптастыратын қуатты алаңға айналды. Осы арқылы тұрғындар жедел ақпараттар алып отырады. Әлеуметтік желілердің арқасында қала тұрғындары мен қонақтары қай кезде де маған тікелей өтініш айта алады. Барлық өтініштеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз міндетті түрде назарға алынатын болады» деп жазды.
Айтайық, астананың «ақылды қала» тұжырымдамасын жүзеге асырудағы алғашқы аяқ алыстары нәтижесіз емес. Мәселен, бас қалада Smart Astana жобасы бойынша мемлекеттік және коммерциялық 70 түрлі сервистер мен қызметтер көрсетіледі. Оның ішінде жұрттың ең көп пайдаланатыны – үйге дәрігер шақырту, дәрігер қабылдауына жазылу, айыппұлдар мен әкімшілік заң бұзушылықтарды қарау, түрлі анықтамалардың растығына көз жеткізу, т. б. Сондай-ақ түрлі сауалнамалар жүргізу барысында цифрландыру жүйесі қолданылады.
Елорданың барлық медициналық ұйымдары толықтай ақпараттық жүйемен қамтылған және интернет желісіне қосылған. Емдеу мекемелерінің 8101 дәрігері мен мейірбикелері ақпараттық жүйені пайдаланады. Электрондық форматта 24833 радиологиялық диагностикалауды зерттеу жүргізілді. 30933 электрондық-стационарлық парақ шығарылды.
Цифрландырудың арқасында биыл 17 мың бала 1-сыныпқа электронды жүйе арқылы қабылданды. Мектепке дейінгі ұйымдардың 28 мыңнан астам ұсыныстары мен өтініштері автоматты түрде өңделді. 6 мың оқушы колледждерге онлайн-өтініш арқылы қабылданды. Білім саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету 3-5 күннен 5-10 минутқа дейін қысқарды.
Нұр-Сұлтан қалалық Инвестициялар және даму басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров: «Жаңартылған жүйенің жағымды тұсы тек бұл емес. Сондай-ақ ата-аналарға балабақшалар туралы рейтингтерді білуге көмектеседі. Осы тұста кез келген ата-ана мектепке дейінгі мекеме туралы мол мағлұматпен қамтылады. Нәтижесінде қайсысы балаңызға ыңғайлы, қайсысы ыңғайсыз екенін біле аласыз» дейді.
Сондай-ақ Smart Astana жобасын жүзеге асыру арқылы жол-көлік оқиғаларының саны 15 пайызға кеміді. Жол апатынан жарақат алғандар 16 пайызға азайып, қаза тапқандар 48 пайызға төмендеді.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Сарыарқа ауданында «Қатысу бюджеті» жобасы іске қосылған болатын. Ол бойынша аудан тұрғындары әкімдіктің 500 миллион теңгені қандай іске жұмсауы керектігін дауыс беру арқылы анықтайды. Әкімдік ең көп дауысын жинаған жобаны жүзеге асыруға міндетті.
Сонымен қатар Big Data жобасы қолға алынған. Бұл – жасанды интеллект негізінде ықтимал жайттарды болжауға және модельдеуге арналған ақпараттардың үлкен көлемін басқаратын және талдайтын ақпараттық жүйе. Жоба 100 пайыз қазақстандық өнімге құрылған. Қазіргі күні осы жүйе 307 бақылау нысаны бойынша 104 дереккөзін біріктіреді. Білім беру саласында бірыңғай төлем жүйесі қалыптастырылған. Балалар бір карточкамен мектепке кіреді және асханадан тамақтануы мен қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлей алады.
Елордадағы барлық мектептер робототехника кабинеттерімен жабдықталған, 36 мектепте STEM-зертхана бар. Балабақшаларда робототехниканы үйрететін алаңдар ашылған.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалада жекеменшік балабақшаларда мемлекеттік тапсырыстарды жүзеге асыру аудан әкімдіктерінің құзырынан Білім басқармасына көшті. Ауыс-түйіс кезінде қатысу табелін, басқа да құжаттарды тапсыру ұзын-сонар кезек туындатты. Осы мәселені шешу үшін электронды табельдер енгізілді. Сөйтіп құжаттарды қолмен тасымалдаудың керегі болмай қалды, әкімдікке мемлекеттік тапсырыс бойынша берілетін барлық есеп-қисап цифрлы нұсқаға айналды.
Қорытындылап айтқанда, әлем өркениеті дамыған сайын шартараптың әртүрлі өңірлерінен жаңадан «ақылды қалалар» пайда бола беретін болады. Ал бұрынғыларының басқару жүйесі одан әрмен жетіле бермек. Қоғам салтына «ақылды» басқару жүйесін енгізу жаңадан пайдалы ресурстардың көздерін ашуды жеңілдете түседі. Сондай-ақ цифрлық мегаполис IT-секторының дамуына баға жетпес табыс әкеледі. Мұндай қала тұрғындарының тұрмысы жайланып, өмір сүру сапасы артып, талап-тілектері атқарушы биліктің ұдайы назарында болады. Яғни атқарушы билік пен қарапайым халықтың арасында өзара тығыз байланыс орнайды. Міне, мемлекеттің саяси тұрақтылығы мен экономикалық дамудың басты кепілі осы болса керек.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1069744
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Венецияда төтенше жағда 19 min
ҚХЛ: «Барыс» ресейлік к 25 min
Ақтөбеде оқушы өлімінен 1 sagt
15 қарашада ел аумағыны 1 sagt
Қадір түнінде жасалатын 1 sagt
Түркістанда спорт ғимар 1 sagt
АҚШ-тың білікті маманда 2 sagt
БҚО-да қорықшыға шабуыл 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Алдағы екі жылда Қызыло 2 sagt
Үкіметтік жұмыс тобы Жа 2 sagt
Өскеменде Жамбыл Жабаев 2 sagt
Ақтауда 200-дей отбасы 2 sagt
Процветающие рынки, как 3 sagt
Нұр-Сұлтанда көмір баға 3 sagt
ӘЗ-ЗӘҺИР СҰЛТАН БЕЙБАРЫ 3 sagt
Трамп пен Ердоған ортақ 3 sagt
Қазақстанның 40% аума 3 sagt
Таяу Шығыстағы шырғалаң 3 sagt
Два хадиса про омовение 3 sagt
Словакияда жантүршігерл 3 sagt
Дәурен Абаев: Әлеуметті 3 sagt
Өскемендегі шағын аудан 3 sagt
Дариға Назарбаева Армен 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Ешкім ақша аударымдары 3 sagt
Они жалуются только Алл 4 sagt
Алматы облысында 300-де 4 sagt
Демалыс күндері елордад 4 sagt
Қарағандыда таяуда тапс 4 sagt