Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-181794515640 %60 %
2019-11-192440715839 %61 %
2019-11-20776224542 %58 %

Ердоған Трамппен кездеседі - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 02:50 - 2019/11/09






Түркия Президенті ресми сапармен Венгрияға барды. Ең қызығы бұл елге бір апта бұрын Путин де келіп кеткен. Реджеп Тайип Ердоған премьер Виктор Орбанмен келісссөз жүргізеді. Одан кейін көп ұзамай яғни қарашаның 13-інде Трамппен кездесуге аттанады. Десе де, Түркия басшысы  АҚШ-қа да, Ресейге де ашулы екенін айтты. Себебі екі ел де Сирияның солтүстігін күрд жасақтарынан босата алмаған. Сондай-ақ Ердоған Еуропалық Одаққа да өкпесін айтты. 

Реджеп Тайип Ердоған, Түркия Президенті:

- Біздің еліміз мигранттар ағынымен жалғыз күресіп шаршады. Еуропалық Одақ берген уәдесін толық орындап жатқан жоқ. Сондықтан алдағы уақытта кәрі құрлыққа қарай мигранттар үшін есікті ашсақ, таңқалмаңыздар.  Десе де қарулы қақтығыстан бас сауғалап қашқан босқындарға көмек көрсетіп жатырмыз. Алдағы уақытта да оларға қолдау жасаймыз. 

Түркияда мигранттар мәселесі өткір тұр. «Бейбітшілік қайнары» операциясынан кейін сириялық босқындардың саны тіптен арта түскен. Өңірге бас сауғалап келгендердің саны бұл күнде 3 жарым млнға жетті. Одан бөлек, Сирияның солтүстігінен ұсталған 1150 содыр да Түркияның бақылауына өткен. Олардың бәрін асырап бағу үлкен шығын. Ал Еуропа тарапынан қолдау жоқ. Ердоған осыған ашулы.

Виктор Орбан, Венгрия премьер-министрі:

- Түркия тарапы қолдан келгенін жасады. Ендігі қадамды өзге елдер тарапынан күту керек. Ешқандай мемлекет өзінің орналасқан жерін өзгерте алмайды. Оң жағымызда Берлин, сол жағымызда Мәскеу, оңтүстікте Анкара. Сондықтан Түркиямен серіктестігіміз біз үшін өте маңызды. 

Виктор Орбан елге жиі келіп кететін әріптесінің сөзін жерге тастағысы келмейді. Қолдан келсе көмегін аямайтын да тәрізді. Бірақ мұндағы тұрғындар ереуіл ұйымдастырып Ердоғанға қыр көрсетіп жатыр. Халық Түркияның Сирия аумағында ұйымдастырған әскери операциясын қатаң сынға алды. Ереуілшілердің арасында күрдтер ғана емес, жергілікті тұрғындар да бар.

- Түркияның саясаты дұрыс емес. Күрдтерге қарсы операциясы адамгершілікке жатпайды. Қаншама адам баспанасыз қалды.

- Олар бізді лаңкес деп жаппай қырып жатыр. Қайдағы лаңкестік ол? Бізде де адам құқығы қорғалады. Демократия бар! 

Әзірге Түркия тарапының мәлімдемесіне ЕуроОдақ жауап қатқан жоқ. Ал соғыстан қашып, пана іздеген босқындар күн санап саны артып барады. Олар кәрі құрлыққа өтуге мүдделі. Ашық теңіз арқылы өтпек болғандардың көбі суға кетті. 23 қазанда осылай жасырынып Ұлыбританияға жеткісі келген 39 мигранттың денесі жүк көлігінен табылған болатын. Олар тіркемедегі контейнерде тұншығып қалған. Тергеу нәтижесі бойынша олардың кім екені анықталды. Қаза тапқан 31 ер адам және 8 әйел вьетнамдық болып шықты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1069742
Пікірлер

Көрші сілтемелер