Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-134580823558 %42 %
2019-11-141757522045 %55 %
2019-11-1510520846 %54 %

Қаһарманның үш қыры – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 02:15 - 2019/11/09


Қаһарманның үш қыры – Астана Ақшамы

Парламент депутаты, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың әскери қыз­метін бастағанына биыл 50 жыл толып отыр. Мерейлі межеге орай ҚР Ұлттық архивінде салтанатты іс-шара өтті. Құттықтап келушілер Халық батырының жеке қорынан құрастырылған көрмені тамашалап, жүрекжарды лебіздерін білдірді.Әскери жолы – өмір мұраты

1969 жылы Ташкент жоғары жалпы әскери училищесіне курсант болып қабылданған кезден бастап бүгінгі күнге дейінгі Қарулы Күштердің қалыптасуы мен дамуына, Қазақстан әскерін реформалау шараларына үлес қосып жүрген Бақытжан Ертаев 1952 жылы 25 маусымда Жамбыл облысы Жуалы ауданының Кеңес ауылында дүниеге келген.
Мектепті бітірген жас жігіт анасына салмақ түсірмеу үшін аудандық әскери комиссариат бастығымен әңгімелесіп жағдайын түсіндіреді. Содан кейін құжаттарын жинап, бір-ақ күнде Ташкентке тартады. Сөйтіп, құжаттарын Ташкенттегі жалпы әскери командалық жоғары училищеге тапсырып, оқуға түседі. Кейін Қазақстанда 1969 жылы Орта Азия әскери округі қайта құрылып, соған байланысты Алматыда жалпы әскери қолбасшылық училищесі ашылады. Бұл оқу орны 1970 жылы 1 қыркүйек­те алғашқы курсанттарын қабылдады. Дәл сол жылы Б.Ертаев Ташкенттен Алматыға ауысып келді. Сөйтіп Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 1985 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясын тәмамдады. Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Бас штабы Әскери академиясында білімін жетілдірді. Мотоатқыштар взводының, рота командирі міндетін атқарды. Ал 1980-1982 жылдары Кеңес әскерінің Ауғанстандағы шектеулі контингенті құрамында батальон штабының бастығы – полк командирінің орынбасары, 66-жеке мотоатқыштар бригадасында және 68-мотоатқыштар дивизиясының 188-мотоатқыштар полкында батальон командирі болды. …Ауған соғысының от-­жалынында жүргенде, кезекті бір атыс кезінде ауған қыстағындағы ескі мешіттің бір бұрышы қирап қалады. Сонда Бақытжан Ертаев өз жауынгерлерін жұмылдырып, сол мешітті күрделі жөндеуден өткізіп, зәулім етіп тұрғызады. Бұл оның ең алдымен өзінің мұсылмандық парызын өтегені болғанымен, жергілікті ауғандықтар үшін әсері күшті болғаны сондай «Мұсылман командир» атанып, жұрттың сеніміне кіреді. Жергілікті халық батальон орналасқан жердегі тоғайды «Бақытжан» деуге тілдері келмей, оның құрметіне «Бақтияр тоғай» деп атаған. Бейбіт халық мүмкіндіктерінше өздерінің «мұсылман командирлерін» қорғап, оның алды-артын дұшмандардан аршып отырған. Сондықтан да болар, батыр қыс­тақ пен қала ішінде емін-еркін жүрген. Әкенің аялы алақанын аңсап өткен батыр ағамыз еліне аман-есен оралған соң туған жеріне жаңадан мешіт тұрғызып, мұсылман жамағаттың игілігіне тапсырады.

Қорғаныс министрінің міндетін атқарды

Ауғанстаннан аман-есен орал­ған соң Кеңес әскерінің Гер­ма­ния­дағы тобында 35-мотоатқыштар дивизиясында полк командирінің орынбасары, ке­йіннен сол полк­тың командирі болды. 1992 жыл­дан бері Қазақ­стан Қарулы Күштері құрыл­ған­нан бастап Мемлекеттік қорғаныс комитетінде әскери қызметін жалғастырды. 1992-1997 жылдары әскери бөлім командирі. 1996-1997 жылдары 1-әскери корпустың командирі. 1997-2000 жылдары Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштердің Бас штабының бастығы, үш ай Қорғаныс министрінің міндетін де атқарды. Кейіннен Шығыс әскери округіне қолбасшылық етті, Әскери академияның бастығы болып, жас офицерлерді даярлады.
Бақытжан Ертаев 2002-2003 жылдары ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің ҰҚШҰ әскери ынтымақтастығын үйлестіру штабында Қазақстан Қарулы Күштерінің өкілі болды.

Саясаттың да сардары

Әскери қызметтің барлық сатысынан өткен Бақытжан Ертаев 2012 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжі­лісінің депутаты болып сайланды. Халық қалаулысы ретінде сайлау­шылар аманатына адалдық танытып келеді.
Б.Ертаев «Халық қаһарманы» атағының иегері, «Отан», «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Данқ» және басқа да жауынгерлік ордендер және медальдармен марапатталған.
Бүгінде Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Бақытжан Ертаевтың жеке қоры ашылған. Онда батырдың өмірбаяндық және отбасына қатыс­ты құжаттары, наградалары, Ауған соғысына қатысты, әскер саласындағы басшылық қызметтеріне қатысты құжаттары, өзіне сыйға берілген қанжарлар, әкесінің үзеңгісі, портреттері, тағы басқа да жеке заттары бар. Мұнда келген жастардың еліміздің әскері, батыр өмірі туралы мағлұмат алып, рухтанып қайтары сөзсіз.
Осындай Отан үшін отқа түсер елін, жерін сүйген, діні мен тілін қастерлеген батырдың өткен жолы өскелең ұрпақты патриот­тық рухта тәрбиелеудегі теңдесі жоқ өнеге болса керек. Елу жылын елінің мүддесіне арнаған батыр ағамыздың мерейі биік, ғұмыр ғибараты ұзағынан болуына тілектеспіз.

Әсия КЕРІМТАЕВА,
ҚР Ұлтық архивінің
бөлім басшысы

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1069734
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Венецияда төтенше жағда 29 min
ҚХЛ: «Барыс» ресейлік к 1 sagt
Ақтөбеде оқушы өлімінен 1 sagt
15 қарашада ел аумағыны 1 sagt
Қадір түнінде жасалатын 1 sagt
Түркістанда спорт ғимар 1 sagt
АҚШ-тың білікті маманда 2 sagt
БҚО-да қорықшыға шабуыл 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Алдағы екі жылда Қызыло 2 sagt
Үкіметтік жұмыс тобы Жа 2 sagt
Өскеменде Жамбыл Жабаев 3 sagt
Ақтауда 200-дей отбасы 3 sagt
Процветающие рынки, как 3 sagt
Нұр-Сұлтанда көмір баға 3 sagt
ӘЗ-ЗӘҺИР СҰЛТАН БЕЙБАРЫ 3 sagt
Трамп пен Ердоған ортақ 3 sagt
Қазақстанның 40% аума 3 sagt
Таяу Шығыстағы шырғалаң 3 sagt
Два хадиса про омовение 3 sagt
Словакияда жантүршігерл 3 sagt
Дәурен Абаев: Әлеуметті 3 sagt
Өскемендегі шағын аудан 3 sagt
Дариға Назарбаева Армен 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Ешкім ақша аударымдары 4 sagt
Они жалуются только Алл 4 sagt
Алматы облысында 300-де 4 sagt
Демалыс күндері елордад 4 sagt
Қарағандыда таяуда тапс 4 sagt