Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Нұр-Сұлтанда «Жасыл ел» жасағының XV маусымы мәресіне жетті | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 11:33 - 2019/10/23

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=89192




Астананың студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жасағының XV маусымының жабылу салтанаты өтті, — деп хабарлайды kazgazeta.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жасағы 2005 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес құрылған болатын. Биыл да ел астанасында республикалық жастардың еңбек жасағы құрылып, оның бөлімшелері барлық өңірлерде ашылды. Қоғамдық даму істері басқармасының жастармен жұмыс істеу бөлімінің басшысы бақытжан Жүнісбековтың айтуынша, биыл «Жасыл ел» штабы жаз маусымында елорданың 1000-нан астам жас тұрғынын жұмыспен қамтыды.

«Жасыл ел» құрамында еңбек еткісі келетін жастардың саны жыл сайын артып келеді. Биыл штаб жоспарды межеленген шамадан артық орындап, мыңнан астам астаналық жасты жазғы уақытта жұмыспен қамтамасыз етті.

Олардың үш жүзге жуығы көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларының балалары. Бұған қоса ювенальдік полицияда есепке алынған жастар да еңбекке тартылды. Қаладағы оннан астам ұйым оларға жұмыс орнын ұсынды. Олардың арасында «Базис-А», «Астана-Зеленстрой» АҚ, «Астана орманы» ЖШС сияқты құрылыс компаниялары мен білім беру ұйымдары бар», — деді  Бақытжан Жүнісбеков. «Жасыл ел» жасағы маусымының жабылу рәсіміне қоғам қайраткерлері мен эстрада жұлдыздары қатысты.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1063187
Пікірлер

Көрші сілтемелер