Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-212416771848 %52 %
2019-11-222306629247 %53 %
2019-11-2325080735 %65 %

Су астында қалу қаупі төнген 720 тонналық маякты жағалаудан қалай алыстатты (видео)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 10:30 - 2019/10/23


Су астында қалу қаупі төнген 720 тонналық маякты жағалаудан қалай алыстатты (видео)

Данияда бір ғасырдан астам тарихы бар, яғни, 1900 жылы тұрғызылған маякты теңіз суының көтерілуіне байланысты су шайып кету қаупі болғандықтан басқа орынға ауыстырды. Бұл жайында Би-би-си ақпарат көзі хабар таратты.Биіктігі 23 метрге ететін  Рубьерг Кнуд маягы Солтүстік теңізде дауыл тұрған немесе айсыз тас қараңғы түндерде ашық теңізде адасқандарға бағыт көрсеткен болатын. 1899 жылы құрылысы басталып, 1900 жылы пайдалануға берілген болатын. Алғашында ол жағалаудан 200 метр қашық тұратын, алайда, жағалау жылдан жылға кеміріліп, омырылып, бұл қашықтық алты метрге дейін қысқарып кеткен еді. Осыған байланысты салмағы 720 тонна тартатын оны рельс арқылы сүйреп жылытты. Оны жаңа орнына жеткізуге екі сағат уақыт кетті. Бір сағаттың ішінде оны шамамен сегіз метрге дейін жылжыта алды. Рубьерг Кнуд маягы Данияның туристер көп тамашалайтын тарихи жәдігері әрі ұлттық мақтанышы десе де болады. Нақтырақ айтқанда, оны көру үшін әлемнің әр түкпірінен 250 мың адам ат арытып келеді. Маякка кіруге әрі оның баспалдағымен көтерілуге болады. Ішінде музей мен дәмхана бар. Оны жылжыту үшін жергілікті билік 5 млн крон (даттардың ұлттық валютасы – ред.) немесе 745,2 мың доллар жұмсалды. Маяк әлі 40 жылға төтеп бере алады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1063152
Пікірлер

Көрші сілтемелер