Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-082923931263 %37 %
2019-12-092218827250 %50 %
2019-12-101298555049 %51 %

Сталин қандай адам болған?



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжүніс мақалалары

Жолданған уақыты: 06:53 - 2013/03/05

сталин қандай адам болған?

05.03.2013 14:23

 stalin  осыдан тура 60 жыл бұрын, 1953 жылғы 5-наурызда кеңес одағының басшысы иосиф сталин дүние салған болатын. ксрө-ның ғана емес, әлемнің тарихында өзіндік ізін қалдырған осы адам туралы содан бері айтылып жатқан сөздер көп, оның барлығы түптеп келгенде сталин шын мәнінде кім, қандай адам болған деген сұрақтың төңірегінде тоқайласады. біреулер оны кеңес одағын қиындықтардан алып шығып, әлемдік имперяғә айналдырған теңдесі жоқ тұлға ретінде сипаттайды, енді біреулер тарихта ауыр із қалдырған қәтігез билеушіге теңеиді. ал бұл адам қайдан шықты, не істеді, артында не қалдырды – біз бүгін оқырман назарына осы жөнінде деректер ұсынғанды жөн көрдік.


    иосиф сталин 1878 жылдың 21-желтөқсәніндә грузянің тифлис губернясінә қарайтын гөри деген жерде дүниеге келген. оның әкесі виссарион джугәшвили етікші, кеиін аяқ киім фәбрикәсінің жұмысшысы болыпты. ал анасы екәтеринә геләдзе басыбайлы шаруаның қызы болған, жалданып киім тігіп, кір жумен айналысыпты. виссарион мінезі шатақ, ішімдікке құмар, отбасына жәйсіз жан екен, сондықтан иосиф әкесін жек көріп өсіпті.
    джугәшвилилер отбасында үш ұл дүниеге келген, бірәқ алғашқы екеуі жұқпалы аурудан жастай өлген. сосо (иосиф) да шешекпен ауырып, одан әупіріммен аман қалған.
   анасы иөсифті алғашында діни училищеге, кеиін семинәряғә оқуға беріпті. бойы тапал, әлжуәз бала сол кездері жиы болатын төбелестерге қатысып, талай мәрте таяқ та жепті. бірәқ ол өте кекшіл, әйләкер, есесін бәрібір де жібермеитін, өркөкірек, дөрекі мінезді болып өседі. оның бұл мінезі діни семинәрядә оқып жүргенде тіпті де ұштала түсіпті, бұдан бөлек ол адам тануды, оның осал тұстарын бірден аңғаруды, қарсыластарын қалай пайдалануды, құйтырқы әрекеттерді қалай жасауды меңгереді.
   иосиф 19 жасында сотсял-демөкрәттәрғә қосылады, мәркстік үйірмелер ұйымдастырып, сол үшін оқудан қуылады. кеиін ресеи сотсял-демөкрәтяліқ жұмысшы партясына өтеді. ревөлютсяліқ жұмыстары үшін бірнеше мәрте қылмыстық жазаға тартылады. ол 7 мәрте түрмеге қамалған, 6 рет жер аударылған, осылардың 5-еуінен қашып шығыпты.
    и.джугәшвили ақырында бөлшевиктер партясына өтеді. 27 жасында ленинмен танысады.
1912 жылы бөлшевик и.джугәшвили "сталин" деген фамиляға көшеді. мұның өзіндік себептері бар. "джугә" деген сөз ескі грузин тілінде "құрыш", яғни "болат" дегенді білдіреді екен. сөйтіп, и.джугәшвили 34 жасынан сталин деген фамиляны таңдаған.
   ленин сталинды іскерлігі үшін ұнатыпты, оны әсіресе азамат соғысының ең қәтерлі кезеңдерінде нақты тәпсірмәләрмен жұмсап отырған. сталин өзіне тән қәтәлдіқпен ол тапсырмалардың бәрін орындап шығыпты. лениннің оған сенімі артады, бірнеше партялық қізметтерді сеніп тапсырады. 1922 жылы ресеи көммунистік (бөлшевиктер) партясы орталық көмитетінің пленумі оны партяның орталық көмитетінің бас хатшысы етіп сайлайды. сталин бұл қізметте де көзге түседі. дегенмен ленинге оның дөрекілігі ұнай қоймапты, ол өмірінің соңғы сәттерінде сталинды бұл қізметтен шеттету жөнінде ойластыра бастапты. бірәқ дегеніне жете алмай кеткен.
   ленин дүниеден өткен соң партя арасында саяси көзқәрәстәрғә байланысты бөлінушілік пайда болады. билікке талас жолында түрлі адыс-тәсілдерді шебер қолданған сталин ақырында партя басшылығындағы өзінің трөтски, зинөвев, кәменев, бухарин, рікөв сяқты негізгі қарсыластарының бәрінің көзін жояды. бұдан соң ол азамат соғысынан кеиін енді ес жя бастаған кеңес елінің бірден-быр басшысына айналады. ксрө-да көлхөздәстіру және индустрялизатсяны қатар жүргізіп, ұлы отан соғысы басталар тұста оны екөнөмикәсі еурөпәдә бірінші орында тұрған ел дәрежесіне көтереді. төңкеріс пен азамат соғысынан тұралаған, артта қалған әгрәрліқ ел екөнөмикәсінің дамуы жөнінен әлемдегі 1-шы мемлекет – ақш-ты қуып жетуге шақ қалған. әрине, мұның барлығы сол кездері ксрө құрамында болған халықтардың қисапсыз төгілген тері, қайғы-қәсіреті, көз жасы мен қаны арқылы іске асырылғаны тарихтан белгілі.
   ал арада көп өтпеи фәшистік гермәня кеңес одағына тұтқиылдан шабуыл жасап, ұлы отан соғысы басталды. бұл соғыста ксрө миллиондаған адамдарынан айырылды. бірәқ кеңес одағы жеңіп шықты, өнімен қоймай, бүкіл еурөпәні фашизм құлдығынан азат етті. осы ұлы жеңісті де алдыңғы толқын сталинның арқасы деп біледі.
    сталин ұлы отан соғысы біткен соң кеңес одағын ядролық қаруы бар, әлемнің тең жартысына билік жүргізетін ел қатарына қосты. бұл кезде ол ауыл шаруашылығын, өнеркәсіпті одан әрі өркендетумен қатар білім-ғылымға да үлкен қамқорлық жасаған. халық тұрмысын көтеру үшін кәсіпөріндәрдә жұмыс істеитіндерге тегін үй беру, азық-түлікті арзандату, жаппай сауаттандыру, әйелдер мен балалардың жағдайын жасау, білім мен медитсинәні дамыту, тағы басқа да қыруар шаруалар қолға алынған.
   сталинның кезінде жемқөрліқ деген әтімен болмаған. өйткені қазынаға қол сұққан адам тұрмыстық азғындағаны үшін партядан аласталған, сотталған, тіпті өлім жазасына кесіліп те кеткен.
    дегенмен сталин соғыстың алдында жүргізілген жаппай саяси қуғын-сүргінді одан кеиін де жалғастырды. талай адамдар "халық жауы" атанып, өмірмен қоштасып, ләгерлерге айдалып жатты. ал бұл қәсірет сталинның дүниеден өтуімен аяқталды.
    иосиф сталин 1953 жылдың наурыз айында, 75 жасында миына қан кетуден дүние салды. ол өлгенде бүкіл кеңес одағының халқы арқа сүйер ардақтысынан айырылғандай аңыраған. бірнеше күн бойы аза тұтылған. ал көсемді ақтық сапарға шығарып салу кезінде мәскеудің көшелері адамнан аяқ алып жүргісіз болыпты. иін тірескен жұрт арасында жүрегі қысылып құлаған адамдардың көбі өліп кеткен. сол күндері жүргізілген есеп бойынша, іздеу-сұрауы жоқ өлген адамдардың өзінің қатары ғана 1500-ге жуықтапты.
    сталинның денесі алғашында мәвзөлеиге, лениннің жанына қойылған. ал 1961 жылдың 1-қарашасында өткен сөкп XXыы сезінен кеиін ол мәвзөлеиден шығарылып, кремл төңірегіне жерленген.
    ...сталинның екінші әйелі нәдеждә әллилуевәдән светләнә және васили деген балалары болған. н.әллилуевә соғыстың алдында белгісіз себептермен атылып өлген. сталинның қызы светләнә әкесі өлгесін ақш-қа қоныс аударған, сонда қайтыс болған. ал ұлы васили соғысқа қатысқан, кеиін мәскеу әскери өкругі әуеден қорғау күштерін басқарған, 1960 жылы, 41 жасында дүние салған. сталинның аталған ұл-қыздарынан бүгінде ұрпақ бар.
    ал сталин өз өмірінде қандай байлық жиған дегенге келсек, ол үлде мен бүлдеге оранып өмір сүруді ұнатпапты, артында ешқәндәй да мүлік қалмаған көрінеді. есесіне ол кеңес одағының алтын қорын 2050 тоннаға жеткізіп кетіпті.
   ...расында, сталин шын мәнінде кім болған? кім болса да оның есімі тарих жадында қалды. ал ол туралы айтыс-тартыстар алдағы уақытта да жалғаса беретін шығар.

дайындаған – д. нүрпеиіс.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=8&id=106146
Пікірлер

Жолдаушы №: 2737 - Уақыты: 2013/03/12 - 15:06

сол 2050 тонна алтынды қазақстанға беру керек , ол сол кездегі қазақтардан тартып алған мал мен жанға неше милион қазақтың қаны мен жаннан келген ол халықты тонаушы қарақшы қәтігез жауыз басшы оның қәзіргі тұқымын тұздай құрту керек

Жолдаушы №: 2671 - Уақыты: 2013/03/07 - 15:30

сталынның ұрпағының көзін жою керек.

Жолдаушы №: 2649 - Уақыты: 2013/03/05 - 10:55

Сол 2050 тонна алтынды қазақстанға беру керек , ол сол кездегі қазақтардан тартып алған мал мен жанға айырбасталған ...

Жолдаушы №: 2648 - Уақыты: 2013/03/05 - 10:51

Жазылған лебіздердің бірінің соңынан бірі жалғана беретіні қалай ... әйтпесе екі абзатстың арасынан бостық қалтырып едім .

Жолдаушы №: 2647 - Уақыты: 2013/03/05 - 10:50

Төңкеріс пен азамат соғысынан тұралаған, артта қалған әгрәрліқ ел екөнөмикәсінің дамуы жөнінен әлемдегі 1-шы мемлекет – ақш-ты қуып жетуге шақ қалған. әрине, мұның барлығы сол кездері ксрө құрамында болған халықтардың қисапсыз төгілген тері, қайғы-қәсіреті, көз жасы мен қаны арқылы іске асырылғаны тарихтан белгілі. ашаршылықтан қырылған қазақтың тең жартысының бодауына келген .

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар