Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-192440715839 %61 %
2019-11-201983628842 %58 %
2019-11-21353124854 %46 %

Грузияда нан фестивалі өтіп жатыр - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 01:30 - 2019/10/14






Бұл сабантойда жергілікті бидай дақылдары мен отандық және шетелдік нан өнімдері паш етіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Грузин дастарханында астық өнімдері маңызды рөлге ие. Нан фестивалі де осының айғағы. Салтанатты шарада қонақтар түрлі нан-тоқаш өнімдерінен дәм татып қана қоймай, өз тәжірибелерімен алмасады.

Цисия Амонашвили, Грузиядағы литвалық наубайхананың маркетинг бойынша менеджері:

Бұл өте маңызды шара. Мұнда еліміздің жетекші компанияларымен қатар шетелдік бірлестіктердің де өнімдері қойылады. Түрлі кездесулер ұйымдастырылып, тәжірибелерімен бөліседі. Ал халық нан пісірудің тарихы және заманауи әдістерімен таныса алады.

Фестивальдің мақсаттарының бірі – халықтың назарын елде жоғалып бара жатқан бидай түрлеріне аудару. Олардың жинақтамасы Тбилисидің ботаникалық бағында сақталған. Мамандар бұл бидай сұрыптары соңғы уақытта шаруаларға таратылып, нан өнімдері дайындала бастағанын айтады.

Нукри Мемарнишвили, Грузиндік бидай сұрыпын өсіру бойынша кеңесші:

- Кезінде ежелгі грузин бидайының шығымдылығы аз болғандықтан, оларды егу тоқтатылған. Бірақ қазір сол бидай түрлерін өсіру қайта қолға алынды. Өйткені халық сапалы, дәмді нанды қалайды.

Биыл фестивальге жиналған халықтың қарасы көп. Тбилиси қаласы әкімшілігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан шара 2 күнге созылады.

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1059414
Пікірлер

Көрші сілтемелер