Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-192440715839 %61 %
2019-11-201983628842 %58 %
2019-11-21334111654 %46 %

«Алтын тұлпар» республикалық турнирінің жеңімпазы анықталды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықт



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 01:10 - 2019/10/14






Биылғы «Алтын тұлпар» республикалық турнирінің бас бәйгесі Қызылорда облысына бұйырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жайық жағасын тұлпарлар тұяғы тербеген аламан да мәресіне жетті. Ұлттық спорт ойындарының бесінші турнирі Атырау облысында өткен болатын.

Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылының маңайында өткен шара көптің көңілінен шықты. Күннің қолайсыздығына қарамастан, мұнайлы өңірдің жұртшылығы тұлпарлар бәйгесінен өзге ұлттық өнердің тоғыз түрін тамашалады.

Күздің қара жаңбырына қарамастан, балшыққа малтықса да, ұлттық ойындарды тамашалуға келгендерде есеп жоқ. Ұмыт бола бастаған ұлттық рухтың оянуы жасты да, жасамысты да Бәйгетөбеге жинады.

Зәуреш Ғабитова, көрермен:

- Ұлттық спорттың ұйымдастырылуы халықтың арасындағы татулық, бірлікке шақырады. Спорттың өзі достыққа шақырады ғой.

Алдымен құнан бәйге, тоқ бәйге, кіші аламанды тамашалағандардың тағатсыздана күткені 51 шақырымдық ұлы сайыс екені даусыз. Жарыс жолына шыққан еліміздің түкпір-түкпірінен келген 40 тұлпар Атырау аспанын ұлы шуға бөледі.

Арыстанбек Кенже, тілші:

Бүгін қарап тұрсаңыз, сонау Қаратаудан келген қара да, Тараздың торысы да, тіпті Атыраудың ақбақайы мен Адайдың көкмойнағы да осы арада бақ сынауда. Әрине, бақ шаба ма, бап шаба ма дейміз, жылдап жаратылған аттардың бүгін бағы жанатын күн!

Биыл бесінші мәрте жалауын көтеріп отырған «Алтын тұлпар» сайысы жыл санап жүйріктің жүйрігін тану мақсатында сайыс талабын жетілдіріп келеді.

Нұрсұлтан Ибрагимов, Ұлттық спорт қауымдастығының бас хатшысы:

- Бұрын енді білесіз аламан бәйгеде бір айналым үш шақырым болатын. Бұл жолы бір айналым сегіз шақырым. Нағыз сәйгүліктің сәйгүлігі, кезінде Құлагер шапқан бәйге деп айтсақ та болады.

Еліміз бойынша жаппай қолға алынып жатқан ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мұнайлы өңірде де заңды жалғасын тауып келеді. Осы жолғы тоғыз түрлі сайысқа атыраулықтар да барынша атсалысты.

Қайырбек Баймұратов, Ұлттық спорт федерациясы облыстық филиалының төрағасы:

- Қазақ «Жылқыжаным, қымыз қаным» деп өскен халықпыз. Осынау ұлан-байтақ жерді Алла Тағала бізге жылқымен бірге сыйға тартты. Болашақта бұл ұлттық спорттың дамуымен қатар жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеуге, рухын көтеруге бірден-бір бағытталған спорт.

Сонымен асыға күткен аламан бәйге де мәреге жетті. Алты айналымда алдына қара салмай, дара келген Сырдың Қоянақасақа атты жиренқасқа бедеуі бас бәгені қанжығасына байлады.

Бердібек Мыханов, «Алтын тұлпар» аламанының жеңімпазы:

- Мықты-мықты тұлпарлар келді жан-жақтан. Оңай болған жоқ. Тұқымы араб пен ағылшын шатыс. Жасы сегізде.

Мұнайлы өңірді дүбірге толтырған ат бәйгесінен өзге де ұлттық сайыстар көптің көңілінен шықты. Этноауыл маңайында «алтыбақан» тербелсе, шамдағай жігіттер аударыспақ пен көкпарда өзара мықтыны анықтады. Ит жүгіртіп, тазылардың шалымын сынады. Қысқасы, мұнайлы өңірде ұлттық ойындар салтанат құрды.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1059411
Пікірлер

Көрші сілтемелер