Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-192440715839 %61 %
2019-11-201983628842 %58 %
2019-11-21334111654 %46 %

Қазақстандық сәнгерлер мен қолөнершілер Bazaar Berlin көрмесіне қатысады - Қазақстан және әлемдегі с



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 01:00 - 2019/10/14



Қазақстандық сәнгерлер мен қолөнершілер Bazaar Berlin көрмесіне қатысады


Bazaar Berlin көрмесінде қазақстандық бұрыш ашылады. Бұл халықаралық шараға отандық сәнгерлер мен қолөнершілер қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, Bazaar Berlin – 50 жылдан бері өткізіліп келе жатқан ең ірі көрмелердің бірі. Оған жыл сайын 60 елден 500-ден астам компания қатысады. Қазақстан биыл тек хэндмэйд бұйымдарын қоюды көздеп отыр. Қазақстандық дизайнерлердің көрсетілімін өткізу де жоспарда бар.

Ирина Нечаева, «Creative Innovation Institute» компаниясының басшысы:

- Қазір осы және өзге де халықаралық көрмеге қатысушыларды іріктеу үшін сарапшылар кеңесі құрылған. Қазақстанда дизайн мен киім тігу бойынша өте көп бағыттар бар. Сондықтан отандық өнімдерді барынша кеңінен көрсету үшін бірнеше саланы таңдап алмақпыз. Көрме арқылы елімізге келетін саяхатшыларды да көбейтуді көздеп отырмыз.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1059409
Пікірлер

Көрші сілтемелер