Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-151347355232 %68 %
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-1710518424 %76 %

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 20:50 - 2019/10/10


Швед академиясы 10 қазанда әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының былтырғы және биылғы лауреаттарының аты-жөнін жариялады.

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығы поляк жазушысы Ольга Токарчук және Австрия жазушысы Петер Хандкеге берілді.

Питер Хандке сыйлықты “тілдік тапқырлықтың көмегімен шеткері аймақ пен адам тәжірибесінің ерекшеліктерін зерттеген ықпалды жұмысы үшін” алса, Ольга Токарчукке “шектеуден шығу, өмір формасы ретінде энциклопедиялық жалынмен баяндау қиялының шексіздігі үшін” берілген.

Айта кетейік, былтыр жыныстық бопсалау дауынан кейін әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы табысталмаған. Швед академиясының мүшесі, ақын Катарина Фростенсонның күйеуі фотограф Жан-Клод Арно "болашақ лауреаттардың есімін алдын ала жариялады" деген күдікке ілініп, "жыныстық бопсалау" бабы бойынша айыпталды. Кейінірек екі жылға сотталды.

2018 жылы қараша айында әдебиет бойынша жаңа Нобель комитеті құрылып, 1 ақпаннан бастап жұмыс істей бастады.

2018 жылы әдебиет бойынша "Нобель сыйлығына балама" сыйлықты отарлау дәуірін зерттеген жазушы Мариз Конде алды.

Нобель сыйлығын швед өнертапқышы әрі өнеркәсіпші Альфред Нобель тағайындаған. Бұл сыйлық пен оның бір миллион долларға жуықтайтын ақшалай жүлдесі Альфред Нобель қайтыс болған күн - 10 желтоқсанда табысталады.

1901 жылдан бері Нобель сыйлығы 590 рет табысталған. Содан бері 908 адам және 27 ұйымға Нобель сыйлығы берілді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1058415
Пікірлер

Көрші сілтемелер