Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-1524280324 %76 %

Сирияда әскери операция жүргізіп жатқан Түркияның мақсаты не - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалық



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 19:40 - 2019/10/10






Түркия Сирияның солтүстігінде «Бейбітшілік қайнары» деген атаумен әскери операцияны бастап кетті.

Мақсат – осы ел шекарасына жақын өңірлерді күрд жасақтарынан тазалап, қауіпсіздік аймағын құру. Бірақ әлемнің көп елі Анкараның іс-әрекетіне наразылық танытуда.

Түркияның Сирия аумағындағы әскери қимылдары әуе соққысымен басталды. Ал кеше кешкісін түрік әскері құрлықтағы операцияға кірісті. Анкара «Бейбітшілік қайнарының» мақсаты Шам елінің солтүстігінде, яғни Ефрат өзенінің шығысынан Иракқа дейінгі аумақты күрд жасақтарынан тазартып, қауіпсіздік аймағын құру екенін айтады. Содан кейін бұл жерге 2 миллионға жуық сириялық босқынды орналастыру көзделген.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

– Біз Сирия еркін әскерімен Күрд жұмысшы партиясына және «Ирак және Левант лаңкестік ұйымына» қарсы әрекет етіп, жеңіске жетеміз деп сенемін. Мақсатымыз айқын. Біз осы аймақтарды лаңкестерден азат етуді қалаймыз.

Анкараның әскери іс-қимылдары әлемнің көп елінің алаңдаушылығын туғызуда. АҚШ президенті Дональд Трамп шараны сынға алып, операция күрдтерді қыруға ұласса, Түркияның экономикасын тас-талқан ететінін айтты. Сондықтан түрік билігінен барынша ұстанымды болуды ескертті.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

– Президент Ердоған бұл аймаққа Түркиядағы сириялық босқындарды орналастырмақ ниетте. Бірақ біз бұл шараның қалай жүзеге асатынын қадағалайтын боламыз. Егер түрік тарапы оперцияны жүзеге асыруда шектен шығатын болса, Анкара үшін оның экономикалық салдары ауыр болмақ. 

Еуропалық одақ болса Түркиядан бір жақты шабуылды дереу тоқтатуға шақырды. «Себебі бұл ешқандай оң нәтижеге әкелмейді», - дейді ресми Брюссель.

Федерика Могерини, ЕО сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі:

– Жағдай ушықпай тұрғанда бір жақты шабуылды тоқтату керек. Әскери операция аймақтағы саяси дағдарыстың реттелуіне кедергі жасайды. Мәселені дипломатиялық жолмен шешкен дұрыс.

Ал мәліметке қарағанда түрік әскері мен күрд жасақтары Хасака мен Ракка провинцияларында қақтығысқа түсіп, бірнеше сарбаз қаза тауып, оннан астам тұрғын жарақат алған. Өңірлердегі ірі қалалардан ондаған мың тұрғын бас сауғалап қашып жатыр. Халықаралық ұйымдар әскери қимылдар гуманитарлық дағдарысқа әкелетінін айтып, дабыл қағуда.

Авторлары: Дәурен Ақашұлы, Әсел Абдыкқалықова

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1058393
Пікірлер

Көрші сілтемелер