Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-23211168423 %77 %

Суханбердиеваның жаңа жемқорлық ісі әшкере болды | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 19:30 - 2019/10/10


Суханбердиеваның жаңа жемқорлық ісі әшкере болды | DalaNews

Суханбердиеваның жаңа жемқорлық ісі әшкере болды

Суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын Эльмира Суханбердиеваның жыры бітпей тұр. Күні кеше ғана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экс вице-министр мен оның құрбысы Нұр-Сұлтандағы №3 мектептің директоры Елена Шеверняеваның қылмыстық схемасын дүйім жұртқа жария болды деп Dalanews.kz сайты хабарлайды. Ол не қылмыс дейсіз ғой. Айтайық.

Сыбайластар балаларға жертөлелерде сабақ беріп, ал сыныптарды жеке табыс үшін пайдаланғаны мәлім болды. Ринат Аймұқановтың айтуынша, аса маңызды істер бойынша тергеуші Суханбердиева мен Шеверняева №3 мемлекеттік мектепте өздерінің жеке мектебін ұйымдастырып, оқушыларға қысым көрсеткенін алға тартты.

Суханбердиева ханым бұған дейін де талай рет істі болып әділ соттан айласын асырып кеткен еді.

Тергеу мектепке санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі қызметін жіберіп тексерткенде бірқатарзаң бұзушылықтарды анықтапты.

–  Гимназияның 48 оқу бөлмесінің 10-ы жекеменшік мектепке жалға берген. Тағы 5 бөлмені табыс табу үшін біріктіріпті. Аталған мектепте бала санының артуы бірнеше жылдан бері байқалған. Айталық, 2018-2019 оқу жылдары көрсеткіш 20%-дан асып кеткен.

Мектеп директоры Шеверняева мемлекеттік органдарға мектепте әлі күнге дейін оқу бөлмелерін жалға беру мүмкіндігі бар екендігі туралы мәліметтерді ұсынды. Осылайша мектеп директоры оқушылар мен олардың ата-аналарының құқықтарын бұзылғанын анықтадық. Мемлекеттік мектептің оқушылары орын болмағандықтан жертөледе оқуға мәжбүр болды. Мысалы, ер балаларға АӘД, технология пәндері жертөлеге сабақ өткізілді, – дейді тергеуші.

Мектептің кейбір сыныптары өрт қауіпсіздігін сақталмаған. Сыбайластар сыныптардағы өрт қауіпсіздігін бизнес үшін бұзған.

Сонымен қатар, соңғы 3 жыл ішінде №3 мектеп балаларын білім ордасына қабылдаудан бас тартқаны туралы фактілер де анықталыпты. Олар өздерінің мұндай әрекетке орынның болмауымен байланыстырған.

Осылайша Суханбердиева қолында тұрған кезде қонышынан басып, білім мекемелерін табыс табуға барынша пайдаланғаны мәлім болды. Осыдан бірнеше ай бұрын әділ соттың залынан толықтай ақталып шыққан Суханбердиеваның басқа да былықтары әшкере болды. Енді ол құқық қорғау органдарының құрығына қалай құтылады екен?

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1058388
Пікірлер

Көрші сілтемелер