Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-151347355232 %68 %
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-1710518424 %76 %

Рушылдықтың дөрекі үлгісін жұлдыздар дәріптеп жүр



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 18:00 - 2019/10/10



Қазақ әлі күнге дейін классикалық ұғымдағы ұлт болып қалыптаса қойған жоқ десек, бұған дау айтатындардың табыла кетері даусыз. Алайда бұл - менің өз пікірім. Дей тұрғанмен, осынау өзімше тұжырымдауыма айғақтар мен фактілердің табыла кететіндігін қайтерсің. Оның біріншісі - бір нәрсеге басы бірікпей, жік-жікке бөлініп, алакөзденіп жүргендігі. Мәселен, Қытайдан көшіп келген қазақ «қытай» аталады, Монғолиядан қоныс аударған «монғол» болып шығады. Жаман атын шығармай-ақ қоялық, бір облыста «ойбай, бұл келімсектермен бір зиратқа жатқызбаймыз» деп мәйітті басқа жаққа сүйреген сұмдық жайтты қайда қоясыз. Бұған әлі күнге дейін арыла ала алмай келе жатқан жершілдік сырқатын қосыңыз. Өзгесін былай қойғанда оңтүстік пен солтүстік болып бөлінуден ада емеспіз. Мәселен «южандар» деген түсініктің астарына кейбіреулердің қандай жағымсыз ұғымды қосарландыратындығын жасырып қайтеміз. Терістіктегілер екібастан «орыстанып» кеткендердің қатарына жатады. Қайта, оңтүстіктен келсе «өз бауырымыз ғой» деп құшағымызға алып, әртүрлі обьективті жағдайларға байланысты орыстанып кетсе, қазақилыққа бұрып, бауырға тартудың орнына осылайша бір-бірімізге үрке қарап жүргеніміз. Ал орыстарды қанша жамандасақ та, оларды мұндай теріс ұғым жоқ. Осы Қостанайда Ресейдің түкір-түкпірінен қаптап келгендер жетерлік. Олар үшін Вася, Коля немесе Николай болып қала береді. Міне, үйренерлік жай осы. Ал біз болсақ..

Мәселен, әлі күнге дейін кейбіреулер кездесе қалса «Қай рудан боласың?» деп шұқшиып қалады. Алдымен аты-жөніңді емес, руыңды сұрайды. Ал енді руыңды айттың екен, онда егер алыстау аймақтағы рудан болып шықсаң, бірден жат жұрттық, яғни шетелдікке айналасың. Әрине, мұның өзі үлкен үрдіске айналған дүние деп отырғаным жоқ. Алайда «сыбырлағанды құдай естімей ме?» дегендей, ара-кідік болса да мұндай жағдай кездесіп қалады.

Мәселе, тіпті мұндайлардың аз-көптігінде емес. Мәселе, ондайлардың осынау кертартпалық құбылысты отбасында да көйітіп отырмасына кім кепіл? Кейбіреулер «руымызды біліп, жеті атамызды айырып отырғанның еш айыбы жоқ қой» деген уәж айтады. Дұрыс та шығар. Алайда осы рушылдықты өзінің қара басының пайдасына айналдырып, бастық болса жанына іскерлерді емес, руластарын жинамасына да ешкім кепілдік бере алмайды. Мұның өзі жиналып алып, ұрлық жасауға да қолайлы. Жемқорлыққа да ыңғайлы. Қанша дегенмен руластар бастықты ұстап бере қомайды ғой. Әлгіндей басшысымақ өзінің келте ұғымымен дәл осылай ойлап, дәл осылай шешеді.

Мен бұл әңгіме тіпті бастамас та едім, кейінгі кездері бұл аурудың тым асқынып бара жатқандығының куәсі болмасам. Олардың алғы шебінде біздің атақты әншілеріміз бен әртістеріміздің жүргендігі қатты қынжылтады. Бұл пәлені бір кезде өзіміз ерекше сыйлап, өнеріне тәнті болып жүрген Майра Мұхаммедқызы бастады. Ол Еуропа еліне шықпас бұрын, өзінің «Мұхаммед» деген тегінің кесірі тиетіндігіне қатты қиналған тәрізді. Өйткені әлгі Еуропада мұсылмандарға деген көзқрарастың нашарлығынан концерттеріне адам бармай қоюы әбден мүмкін деп күдіктенсе керек. Сөйтіп, жаңаша Майра Керей атанған. Біздің түсінбейтініміз, бұл кісінің не себепті бірден ру атына жармасқандығы. Жарайды, мұсылмандығыңды біліп қалып, ол жолыңа біраз кедергі болар? Онда неге атасының, болмаса жолдасының фамилиясын алмасқа? Сонда қалай, баяғыда дүниеден өткен біреудің атына айналған есім, өз әкеңнен, не атаңнан артық болғаны ма?

Ал енді Мұхаммед деген аттан бүкіл Еуропа мен Америка қатты үркіп, түн ұйқысы төрт бөлінеді деп ойлау да мүлдем қате. Жақында Англияның астанасы Лондон қаласында өткізілген зерттеудің нәтижесі осында дүниеге келген сәбидің екінің бірінің аты Мұхаммед екені анықталды. Сонда ағылшын байғұстардың жүрегі жарылып кетпей, қалай аман жүр десеңізші. Мұны аз десеңіз, осыдан біраз уақыт бұрын атынан ат үркетін, қандай да алып елдердің атом бомбасын жасамауын қадағалап отыратын дүниежүзіне мәлім МАГАТЭ деген ұйымды қайдағы бір мырқымбай емес, Мұхаммед Әл-Фарадей деген мұсылман ғалымы басқарып отырды. Ол кезде бір елдің одан қорқып, еліне кіргізбей қойғандығын естіген де, көрген де емеспін. Демек, мәселе кім-кімнің де атында емес болғаны ғой. Сірә, көлеңкесінен қорқып, не нәрседен де үркіп жүрген жалғыз біздің қазақ па деп қаламын.

Ал содан енді әншілер мен әртістердің арасында өз руларының атын аспандату жолындағы аттаныс басталып кетсін. Оған атағы шыға бастаған спортшылар да қосылып, ешбір елде жоқ бастамалардың тиегі ағытылды. Мүмкін, қазір екінің бірі біле бермес Сара деген опера әншісі аяқ астынан «Найман» деген лақап атқа ие болған соң, атағы бес құрылылықка тарап кетіпті-міс. «Мен Қазақстан тарихын оқып отырып, наймандардың батырлығы мен ерлігіне шексіз таң қалдым. Сондықтан осы рудың атымен танылуды 18 жасымда-ақ шешкен болатынмын», депті.

Кезінде «аспанға қараймын, жұлдызды санаймын» деп әндетіп-ақ жұртқа танымал болған Абай Бегей де жай адам болмай шықты. Бір қызығы, тегі Ниязқұлов болғанымен, ол сахнаға Бегей деген ру атымен шығуды жөн көріпті. Несі бар, бұрын көп адам біле бермейтін, өзі айтқандай, Адайдың ішіндегі Тобыш, Тобыштан Бегей болып тарайтын ру осылайша тарихқа жазылып қалса керек. Ал фамилиясы ше? Ау, руы тұрғанда қайдағы бір фамилия дегенді сөз қылудың өзі артық шығар. Ал өзінің айтуынша «руының атынан шығу менің өз абыройыма, елімнің атына сөз келтірмеуіме көп септігін тигізіп жатыр» деген ұйғарымға келіпті.

Ақылбек Жеменей де өз ата-тегінен бас тартқан әншілердің бірі. Кезінде көптеген басылымдар «Ақылбек Жеменей руаралық тойлардың сұранысын көздеп отыр» деп, жұртты біраз шулатқандығы бар. Ақылбек оған пысқырып та қараған жоқ. Мүмкін, қазір барлығын да ақша деген құдырет шешіп тұрған заманда бұған да таң қалуға болмас

Ал өзгесі-өзге, Аша Матай деген өзін сегіз қырлы, бір сырлы санайтын әртісіміздің қылығы басқалардың барлығын да шаң қаптырып кетті. Ол «Құласаң, нардан құла» дегендей әкесінің аты түгілі, өзінің атын да өзгертіп жіберіп, айды аспанға бір-ақ шығарыпты. Өзінің әп-әдемі Ақбота деген есімін Ашаға айналдырып (біздің естуімізше бұл да рудың аты деседі), біз жоғарыдағы атаған апалары мен ағаларына еліктеп, фамилиясын Матай руына айырбастап, мәз болып жүрген жайы бар.

Айтпақшы, спортшыларымыз да бұл үрдістен құр қалмаған. Ана бір Қуат деген мықты боксшымыз енді «Найман» атымен ринге шығып, руын шетелге кеңінен жарнамалауға бел буған секілді.

Бір қызығы, өзіміз сүйсініп тыңдайтын Роза Әлқожа қарындасымызға да осы «сырқат» жұққан сыңайлы. Біздің естуімізше бұл да фамилия емес, қожалардың бір аты көрінеді. Енді рушылдыққа қожалықты насихаттау басталған ба? Оның інісі Әбдіжапар да өз әксіненің атына бас тартып, танымал болу үшін қожалардың қатарына өткендігін бір басылымнан оқығанымыз бар. Егер Роза секілді анау-мынау емес журналист деген мамандығы бар, көзі ашық дейтін, көңілі ояу дейтін әншілеріміз осылай істеп жатса, өзгелерге не жорық?

«Қайран, қазақ-ай» дейсің осындайда, не болса соған еліктеп, өзінің ата-тегін қайдағы бір аты да, заты да белгісіз бір адамның атын алып, аттандап ел-жұртқа күлкі болып жүргендігі. Егер шетелдік бір адам «не себепті руыңыздың атын алып жүрсіз» десе, не айтар екен? Сонда бұлардың ру-руға бөлінген елдің ешқашан өркендемейтіндігін, әр ру өздерін мадақтап, бір-бірімен қырықпышақ болып өтететіндігін шынымен білмей ме екен? Өзгесін былай қойғанда ана Ауғанстан деген елге көз салсаңдаршы. Күнде жырылыс, күнде атыс-шабыс. Кастаға бөлінген Үнді елі де Қытайдың шаңына да ілесе алмай, сорлап отыр.

Ал біз болсақ, үнемі кейін тартамыз да жүреміз. Әлде бұл пәле біздің тағдырымызға жазылып қойылған ба екен?

Сонда дейміз-ау, кезінде әлемде жоқ  сиқырлы үнімен, кең диапазонды даусымен бүкіл Франция елін аузына қаратқан Әміре Қашаубаев атамыз кімнен кем еді? Болмаса қазір қазақ эстарадасының жұлдыздары атанған Қайрат Нұртас, Ернар Айдар мен Төреғали Төрәлі руларын жарнамаламай-ақ көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп жүр емес пе?

Бір қызығы, өткен ғасырлардағы заты қазаққа аты танымал Құрманғазы мен Тәттімбет, Ақан сері мен Біржан сал секілді өнер тарландары аттарының жанына руларын неге қыстыра салмаған? Осылайша руының атын шығаратын сәттен қалай қапы қалған? Олар сірә өзінен кейінгі ұрпақтарының заман өзгерсе де «рушылдық» деген сырқатқа қайта ұрынарын қайдан білсін. Атағын ерекше өнерімен емес, тек руының атымен шығару секілді қулық олардың өңі түгілі, түсіне де кіріп-шықпаған болар.

Әрине, қазіргі жастарымыздың бәрі де осындай жаман әдетке жуық келеді деген ойдан аулақпыз. Алайда күндіз-тұні өздерін насихаттап теледидардан түспейтін «жұлдызсымақтардың» мұндай қылықтарын көргенде, еріксіз еліктеп кетері тағы да сөзсіз. Қазекем «сынықтан өзгесінің бәрі жұғады» деп бекерден-бекер ескертпеген болар.

Жайберген Болатов

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1058329
Пікірлер

Көрші сілтемелер