Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-151347355232 %68 %
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-177111624 %76 %

Мемлекет басшысы Әбіш Кекілбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейін аралады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:45 - 2019/10/10


Мемлекет басшысы Әбіш Кекілбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейін аралады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауға жұмыс сапары барысында Әбіш Кекілбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейін аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада Кәсіподақтар күніне орай Президенттің «Алғыс хаты» табысталды Мемлекет басшысы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу институтына барды Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы автотұрақ мәселесін көтерді

Музейде Әбіш Кекілбайұлының экспозияциялық залы жасақталған. 460 шаршы метрді алып жатқан залға қаламгердің көзі тірісінде тұтынған бұйымдары мен құнды жәдігерлері қойылған.

«Әбіш Кекілбайұлының балалық шағынан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейінгі суреттері ұсынылды. Сонымен қатар, жеке өмірі мен қызметтегі және шығармашылығында қолданылған бұйымдары бар»,-дейді музей қызметкері Нұршат Қалкенбаева.

Айта кетейік, қаланың 19а ықшамауданында бой көтерген аталған мәдени орталықтың құрылысы былтыр ақпан айында басталған. Қазіргі таңда орталықта орналасқан тарихи-өлкетану музейінің құрылысы аяқталды. Нысан толығымен 2020 жылы пайдалануға беріледі. 10 г аумақты алып жатқан орталықта облыстық музей мен кітапхана орналасқан. Ғимарат ортасында субұрқақ та болмақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келгенін хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, Президент жазушы ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1058322
Пікірлер

Көрші сілтемелер