Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-151347355232 %68 %
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-1710518424 %76 %

Андреа Бочелли сияқты болғым келеді - Ержан Максим арманын айтты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:42 - 2019/10/10


Андреа Бочелли сияқты болғым келеді - Ержан Максим арманын айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас әнші Ержан Максим «Евровидение» байқауына арналған әнінің тұсаукесерінде арманы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан жұлдыздары Ержан Максимді туған күнімен құттықтады Ержан Максим мен Қайрат Нұртас елордалықтарға тегін концерт береді Ержан Максим «Junior Eurovision 2019» байқауына қатысады

«Мен Андреа Бочелли сияқты болғым келеді (итальяндық әнші, классикалық және танымал музыка орындаушысы – ред.автор). Шынында, маған классика ұнайды», - дейді Ержан.

Оралдық 12 жасар әнші Ресейдің «Голос» жобасына қатысып, жеңіпаз атанғаннан кейін танымал болды. Қазір ол ата-анасымен бірге Мәскеуде тұрады. Игорь Крутойдың музыка академиясында оқиды.

«Біздің Мәскеуде тұрып жатқанымызға екі ай болды. Академияда актерлік шеберлік, хореография, вокалды оқимыз. Игорь Крутой академияға көп келмейді. Бірақ онда жақсы оқытушылар бар. Мен бұл академияда 5 жыл оқимын, содан кейін Италияға барғым келеді», - дейді әнші.

Аз ғана уақыт ішінде Ержан Мәскеуден өзіне достар тауып үлгерген. Алайда ол үлкен қалаға үйрене алмай жатқанын жасырмады.

«Иә, мен әлі күнге дейін үйрене алмай жүрмін. Достарым бар. Бірақ мен Оралдағы достарымды сағындым. Сондай-ақ, өзіміздің ұлттық тағамдарды сағындым. Мен қазыны жақсы көрем. Сондықтан анам үйде көбіне ет асады. Сорпа әзірлейді», - деп толықтырды Ержан.

Айта кетейік, 24 қараша күні Польшада өтетін «Балалар Еуровидениесі-2019» байқауында Қазақстанның намысын Ержан Максим қорғайды. Бүгін оның байқауда орындайтын «Арманнан қалма!» («Don’t forsake your dream») әнінің тұсаукесері өтті.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1058321
Пікірлер

Көрші сілтемелер