Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-18790221739 %61 %

LRT-ның тағы бір былығы әшкереленді | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 15:30 - 2019/10/10


LRT-ның тағы бір былығы әшкереленді | DalaNews

LRT-ның тағы бір былығы әшкереленді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі “Астана LRT” ісі бойынша тергеудің тың мән-жайлары анықталғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

“Құрылыстың үш кезеңін де тергеп жатқан ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды. Техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттаманың негізділігі, орындалған құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі, техникалық бақылау ісінің бәрі де тексеріліп жатыр. Осыған байланысты аталған саланы арнайы зерттей алатын мамандар мен сарапшыларды жұмысқа тартып жатырмыз”, – деді елордада өткен бүгінгі брифингте агенттіктің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов.

Оның айтуынша, іске қатысты барлық құжаттар қазіргі уақытта тәркіленген. Сол құжаттарға орай экономикалық және құрылыс сараптамалары тағайындалған.

“Қаржы мамандары экономикалық есепті жүргізіп жатыр, ал құрылыс сарапшылары салынып қойған нысандардың бақылауын аяқтады. Ұлттық банк пен Есеп комитетінің араласуымен Қытайдың даму банкінен “Астана Банкіне” салынған қаражаттың негізділігі мен заңдылығы да тексерілуде. Сонымен бірге, тергеу жымқырудың жаңа схемасын анықтап жатыр”, – деді ол.

Агенттік ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 2014 жылы “Астана LRT” ЖШС жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуде жоғарылатылған бағамен келісім жасаған.

“Мемлекеттік сараптамаға белгіленген 2,6 млрд теңгенің орнына LRT-мен 4,2 млрд теңгенің келісімі жасалған. Ол қаражаттың 3 млрд теңгесі мердігерлерге берілген. Айырмашылық 412 млн теңгені көрсеткен. Аталған сома қолма-қол ақшаға ауыстырылып, жалған кәсіпорындар арқылы жымқырылған”, – дейді ол.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1058238
Пікірлер

Көрші сілтемелер