Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-18536154135 %65 %

Қарағандыда үш бала газдан уланды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 15:15 - 2019/10/10


Қарағандыда үш бала газдан уланды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда жеке үйлердің бірінде пештің мұржасы дұрыс істемеуінен үш бала улы газға тұншығып, қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Балалардың тамақтан улануы: Балабақша талаптарға сай жұмыс жүргізбеген Нұр-Сұлтандағы дамыту орталығында 10 бала уланып қалды Леңгірде оқушылардың жаппай улану оқиғасы бойынша тексеру басталды

9 қазан күні сағат 11:00-де Қарағанды қаласының Октябрь ауданында жеке тұрғын үйде жылыту пешін дұрыс пайдаланбау және түтін шығатын мұржаның ақауынан 2006, 2011 және 2013 жылы туған балалар улы газдан уланып, ауруханаға жатқызылды.

Жыл басынан бері Қарағанды облысында 5 адам газға уланып қаза тапқан, 10 адам зардап шекті.

Тұрғын үй секторының тұрғындары үшін жылыту маусымы кезінде жылыту құралдарын пайдалану үлкен қауіп туғызады. Ал пешті қолдану ережелерін бұзу тұншықтырғыш газдан улану сияқты ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Тұншықтырғыш газдан улану көбіне пешті дұрыс қолданбаудан болады.

Тұншықтырғыш газдан қалай сақтану керек:

-Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыздар;

- Пешпен жылытуды пайдалану ережелерін бұзбаңыз: пеш жапқышының уақытында жабылуы, отынға таза ауаның жеткіліксіз болуы, нашар тарту үй-жайда улы газдың пайда болуына оңай себеп болуы мүмкін;

- Пешті пайдаланбас бұрын түтін мұржасындағы тартқышты, сондай-ақ оның бүтіндігін және жарықтың жоқтығын тексеріңіз;

- Автономды газ қазандығы, сондай-ақ газ плитасы орнатылған үй-жайларда ол қосылып тұрған кезде желдету қамтамасыз етілуі тиіс.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1058230
Пікірлер

Көрші сілтемелер