Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-18790221739 %61 %

Аружан Саин: Қазақстандықтар тілемсек балаларға ақша беруді тоқтатуы керек



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 14:40 - 2019/10/10


ҚР Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин қазақстандықтардан көшеде қайыр сұрайтын балаларға ақша бермеуді өтінді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Достар, көшедегі балалар немесе балалары бар ересек тілемсектер туралы көптеген хабарлама мен пікірлер аламын. Тілемсектікке зорлықпен тартудан балалардың құқығын қорғау бойынша сауал дайындап, кешенді шаралар қабылдау үшін фактілерді жинауға көмектесулеріңізді өтінемін. Балалар тіпті, мектепке де бармайды», - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасына.

Аружан Саин қайыр сұраған балалы ересектердің және балалардың өздерінің суреттерін оның қай жерде (көшеде, жол бойында, дәмхана, мейрамханада) түсірілгенін, мекен жайын және датасын көрсете отырып жіберуді өтінеді. Суреттерді +7 747 674 1554 нөміріне WhatsApp арқылы жіберуге болады.

«Полиция, қамқоршы орган тарапынан қандай шынайы шараларды қабылдауға болатындығын түсіну қажет. Ең бастысы, Зүлфия Байсақова сұхбатында айтқандай, әзірше бір ғана әдіспен күресуге болады: Барлық қазақстандық ақша бергенді тоқтатуы керек. Садақаның осы тетігі жұмыс істеуін қойған кезде бұл балалар да тілемсектікке тартылмайды. Сонымен қатар балаға көмектесу үшін баланы жібермеуге немесе ересектер баламен қайыр тілеп жүрген жерде қалуға тырысу қажет. Полицияны шақырып, күтіп, шағым жазу қажет. Тергеушінің және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы қызметкерлерінің мәліметтерін алып, баланың тағдырын бақылауда ұстасаңыздар», - деді ол.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1058209
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар