Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-19729232138 %62 %
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-216315651 %49 %

Психикалық денсаулық күні: Психологиялық 5 фильм Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Бі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 14:25 - 2019/10/10


Психикалық денсаулық күні: Психологиялық 5 фильм Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Психикалық денсаулық күні: Психологиялық 5 фильм

Бүкіл әлем 10 қазанда психикалық денсаулық күнін атап өтеді. Бұл сіз ойлағандай түрлі костюм киіп баратын сауық-кештері емес. БҰҰ Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күнін адамдардың психикалық денсаулық мәселелері туралы хабардар болуын арттыру мақсатында белгіледі. Кей психикалық ауруларды сырттан бақылауға кинолар көмектеседі. Психиканың бұзылуы жайлы 5 фильмді ұсынамыз.

1. Джокер
Бұл комикс тарихындағы ең атақты және харизмалы жауыздың қалыптасуы  туралы фильм. Фильм сюжеті көрермендерді 1980-жылдарға апарады. Артур Флек Готэмде тұрады және клоун болып жұмыс істейді. Бірақ бір күні оның барлық үміті үзіліп, жұбанышты басқа нәрселерден іздей бастайды.

2. Менің жігітім – псих
Брэдли Купердің рөлді керемет ойнауы алғашқы минуттардан бастап-ақ қызықтырып әкетеді. Пэт Солитано – 8 ай бойы психиатриялық ауруханада жатып шыққан бұрынғы мұғалім. Пэт барынша өз өмірін және әйелімен қарым-қатынасын ретке келтіруге тырысып жүр. Бірақ ол бір күні терең депрессияда жүрген қызды кездестіреді. Ол Пэттің өміріне түбегейлі өзгерістер әкеледі. Фильм комедиялық драма жанрында түсірілген.

3. Сплит
Фильмдегі басты кейіпкер – Кевин есімді жігіт. Ол бір күні үш қызды ұрлап кетеді. Бұл қыздар Кевиннің біртүрлі қылықтарын байқап, жұмбақты шешуге тырысады. Бұл жігіттің ішінде 23 түрлі адам өмір сүреді. Олардың дауыстары өміріңді басқара бастаса не болады?

4. Жоғалған әйел
Бұл фильм көпшіліктің көңілінен шықты. Егер триллер жанрын ұнатсаңыз, міндетті түрде бұл фильмді көруге кеңес береміз. Ник пен Эми Данн үйленген күндерін атап өтеді. Содан соң Эми кенеттен жоғалып кетеді. Айналадағы адамдардың бәрі оның күйеуін кінәлайды. Бірақ ол оған қатысы жоқтығын айтып шаршайды. Сонымен, Никтің әйелін кім ұрлады?

5. Жындылар аралы
Шизофренияға шалдыққан жігіт туралы фильм. Фильм сюжеті бойынша Эдвард Дэниелс пен Чак Оул Эшклифф емханасына келеді. Олар есі ауысқан Рэйчел Соландоны қайда жоғалғанын табу керек. Рэйчел – өз балаларын өлтірген әйел, яғни, оның еркіндікке шығуы адамдарға қауіп төндіреді. Екі серіктес көптеген сұрақтардың жауабын іздей бастайды. Эдвард Дэниелс көптеген мәселелерді түсіне алмайды. Әлде мұның барлығы ойдан шығарылған нәрсе ме?


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1058197
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар