Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-23211168423 %77 %

Жойылып кеткен жануарларды қайтармауға 7 себеп Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 14:15 - 2019/10/10


Жойылып кеткен жануарларды қайтармауға 7 себеп Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Жойылып кеткен жануарларды қайтармауға 7 себеп

Жойылу – ол келмеске кету. Бұған дейін біз осылай ойлап келдік. Алайда, біз бәрін жаңадан бастай алсақ не болар еді? Егер "жою" батырмасын өшіріп, жойылып кеткен жануарларды қайтара алсақ ше? "Қайта тірілту" деп аталатын технологиялық процесстің де күні алыс емес. Сондықтан "біздің қолымыздан келе ме?" деген сұрақ "жасағанымыз дұрыс па?" дегенге ауысқан.

Өсімдікті қайта тірілту туралы пікір таластыру оңай. Елестетіп көріңізші. Camellia sinensis (шай), Coffea Arabica (оның 60-80%-ы әлемдік кофе өндірісінде қолданылады) немесе - Құдай сақтасын! - Theobroma cocoa (шоколад) жойылып кетті. Халықаралық дағдарыс басталып, оларды жандандыру бірінші кезектегі міндет болар еді. Өркениет үшін бірдей маңызды басқа түрлер, мысалы, күріш немесе бал аралары туралы не айтуға болады? Адамның әрекеті салдарынан құрыған тіршілік иелері ше? Саяхатшы көгершіндер, мамонттар, тасбақалар мен құстардың көптеген түрлері бертінгі кезге дейін кең таралды.

Өсімдікті қайта тірілту мен мамонтты қайта тірілту екі бөлек нәрсе және мен екіншісіне жоқ деймін.

Эволюцинист-биолог ретінде жойылып кеткен жануарларды қайта тірілту керемет деп санаймын: оларды бар ғылыми-техникалық арсеналмен зерттеуге мүмкіндік туар еді. Бірақ қалпына келтірілген вирустардың кейбір түрлерін есептемегенде, қайта тірілту біз елестеткендей процесс емес. Шын мәнінде, қайта тірілту дегеніміз - жаңа гибрид алу үшін жойылып кеткен жануардан ДНҚ-ны алу және оны өзіне ұқсас тірі ағзаға имплантациялау. Мысалы, жүнді мамонттарды қайта тірілту туралы кеңейтілген жоба Азия пілдерін реципиент ретінде пайдаланып, 2% мамонт ДНҚ-сы бар гибрид алады.

Дәл сол сияқты, европоид нәсілінің кез-келген адамы 1-2%-ға неандерталь болып табылады, бірақ ол өзін "қайта тірілген неандертальмын" деп атамайды.

Сонымен қатар, егер біз қолымызда бар нәрсені сақтай алмасақ, онда лабораторияда туған жойылып кеткен түрлерге ұқсайтын генетикалық мозайканы қалайша жақсы сақтай аламыз деп ойлаймыз?

Жануарларды тірілтпеуіміздің биологиялықтан философиялыққа дейінгі жеті түрлі себебі бар. Мен оларды "жеті Е" деп атағанды ұнатамын.

1. Жойылу (ағыл. extinction)

Жануарлар жайдан-жай жойылған жоқ: адамдар аңның еті мен терісін пайдаланды, табиғи мекен ортасын құртатын зиянкестер тым көп болды немесе қандай да бір апат орын алды. Жойылуға әкелген себептер жойылды ма? Егер жоқ болса, онда тарих қайталанбайды деп кім айтты? Мен экспедицияға қайда барсам да, Масай Мара болсын, Анд болсын, жануарлардың тек екі түрін кездестіремін: күшті және сау немесе өлі.

2. Эволюция

Егер біз эволюцияны өз еркімізге бағындырып, жойылып бара жатқан түрлерді тірілтсек те, эволюция оларды бақылауға алған кезде не болады? Нәтиженің бізге ұнайтыны екіталай. Бірақ біз бұл жануарларды қайтарсақ та, ең жақсы дегенде генетикалық әртүрлілігі шектеулі өте кішкентай популяция пайда болар еді. Тарихта осыған мысалдар толы: Габсбург үйінде алты ғасырға созылған қан араластырмау дәстүрі Испания патшасы Шарль II-де аяқталды. Ол көптеген физикалық, жыныстық, интеллектуалдық және эмоционалдық ауруларға шалдықты, тіпті дұрыстап тамақ та жей алмады. (Қазіргі заманғы ағылшын бульдогы - бұл жақын туыстық будандастырудың қауіптілігі туралы тағы бір ой салатын мысал.) Қайта тірілтілген түрлердің кішкентай популяциясы сау емес, үлкен ықтималдылықпен ұрпақ жалғастыра алмайтын тұқым береді. Іс кезекті жойылумен аяқталады – әрине, егер сіз генетикалық тұрғыдан әркелкі 100-ден астам жеке түрден құралатын әртүрлілікті қамтамасыз етіп бермесеңіз.

3. Экология

"Адам – арал емес" және басқа тіршілік иелері де. Барлық тіршілік иелеріне даму үшін экожүйе керек. Ертеректе біз жойылып бара жатқан түрлерді жабайы табиғатқа қайтаруға тырысқанымызда, күтпеген салдарға әкелетін тізбектік реакция пайда болатын. Ең танымал мысал - сұр қасқырлардың Йеллоустонға оралуы: қасқырлар бұлан мен бұғыны аулай бастады, сөйтіп олардың санын азайтты. Бірақ теректер мен көктеректер көбейіп, олар құндыздарға пайда әкелді. Жойылып кеткен түрлерді о дүнеиеден оралту жергілікті экологияға қалай әсер ететінін болжау мүмкін емес - иә, біз мамонтты қайтара аламыз, бірақ бұл неге әкеледі? Біз оның қазіргі экожүйеге әсерін ескердік пе? Жануарлар сонымен қатар тері, ішек, құлақ және жыныстық мүше микробтары экожүйесінің тасымалдаушысы болып табылады. Бұл микробиом деп аталатын процесс тамақтану, иммундық жүйеге, тіпті жануардың көңіл-күйіне және мінез-құлқына әсер етеді. Табиғи микробиомды қалпына келтіру мүмкін емес. Ал жаңа, жасанды микробиом күтпеген салдарға әкеледі.

4. Этология

Құстар мен сүтқоректілер өз түрлерінің басқа мүшелерін бақылау арқылы олардың мінез-құлықтарын өздеріне қабылдайды, яғни, әдет қылады. Егер сіз уақыт капсуласынан бірінші болып оралсаңыз не болушы еді? Еріксіздікте айдарлы құмай санын көбейту бағдарламасы - сол түрдің ата-аналарының болмауы қаншалықты қауіпті екендігін көрсететін жақсы мысал. Кішкентай құмайдың адам "ата-аналары" жас құстарды еліктеуден қорғау үшін қуыршақтарды қолданғанына қарамастан, кейіннен жабайы табиғатқа шығарылған еріксіздікте туылған құстар адамдарға тым қатты қызығушылық танытып, басқа құмайлармен аз қарым-қатынаста болған. Мамонттар пілдер отбасында шеттетіліп қалады деп ойламайсыз ба? Солай болған жағдайда мамонттардың дұрыс мінез-құлқын үйренуіне мүмкіндік болмайды. Ата-анасыз ұрпақтар өздеріне тән емес қылықтарды ұқсас түрлерден немесе адамдардан үйреніп алады.

5. Экономика

Жануарларды қорғау жөніндегі америкалық қоғамның (Performing Animal Welfare Society) мәліметтері бойынша, сау пілге күтім жасау шамамен 70 мың доллар тұрады, ал одан да үлкен жастағы піл үшін бұдан да көбірек ақша кетеді. Алғашқы мамонтты қайта тірілтуге ақша жұмсау, сөзсіз, шу шығарады. Алайда, толқулар азайған кезде, төлемдерді кім жасап отырады ... шексіз уақыт бойы? Сонда, қаржыландыру аяқталғанда жануарды ұйықтатып тастау үшін оларды қайтарғымыз келеді ме?

6. Эмоциялар

Біреу қайтыс болған кезде, бізде жоғалту сезімі пайда болады – кейде шынайы, кезде дерексіз. Тіпті адам оларды бұрын-соңды көрмесе де, егер пілдер жойылып кетсе, кез келгеніміз ауыр жоғалту сезімін бастан кешеміз. Алайда, бұл тәжірибені жойылып кеткен түрлерді қалпына келтірудің қаржылық, биологиялық және этикалық шығындарымен салыстыруға болмайды.

7. Этика

Неліктен біз осы түрлерді жандандырғымыз келеді? Біз олардың жойылуының басты себептерінің бірі болғанымызға өзімізді кінәлі сезінеміз бе? Біз өзімізді ата-бабамыздың қарызын төлеуге міндетті сезінеміз бе? Бірақ бұл әділеттілік кім үшін? Қайта тірілген жануарлар үшін емес екені айқын. Олар тұқым қуалайтын ауруларға шалдығады, қазіргі заманғы жағдайларға бейімделе алмайды, аштыққа тап болады, ал біз оларға деген қызығушылықты жоғалтқан кезде, бәрі кезекті жойылуымен аяқталады. Ата-бабаларымыздың кінәсін өтейміз деп жаңа азаптауларды тудырту дұрыс па?

Сайып келгенде, бәрі "табиғи" деп нені санауға болады деген сұраққа тіреледі. Бұрынғыдай, Сібірде мамонттың болуы табиғи ма? Осы логика бойынша птеродактилдердің көкте ұшып жүруі табиғи. Немесе трилобиттерге толы теңіз де табиғи. Мүмкін, біздің планетамыз эволюцияның көп бөлігі болған анаэробты жер де табиғи? Алдымен, ең басында Жерде тіршілік болмағанын мойындайық. Сіз бірінші таңдау жасап алып, кейін "табиғи" деген перденің артына тығыла алмайсыз.

Юра дәуірі саябағы өте жаман идея болды және плейстоцендік саябақ одан асып тұрған жоқ. Сондықтан біз қайтадан тірілтудің орнына бар күшімізді бүгінгі таңдағы экологиялық маңызы бар, қызықты және сүйкімді тіршілік иелерін сақтап қалуға салайық. Қайта тірілту Б жоспары емес.

Бұл мақала Доктор Ротшильдтің Intelligence Squared "Жойылған тіршілік иелерін тірілтпеңіз" (“Don’t bring extinct creatures back to life”) пікірсайысындағы баяндамасына негізделген. Стюарт Брэнд, Джордж Шіркеуі және Росс Макфи қатысқан пікірсайыстың толық бейнесін келесі сілтеме бойынша көре аласыз. (https://www.intelligencesquaredus.org/debates/dont-bring-extinct-creatures-back-life).

Дереккөз: Wake up Kazak
Түпнұсқа: Quartz
Автор: Доктор Линн Джастин Ротшильд,

NASA-ның Ames зерттеу орталығының астробиологы
Аударған: Думан Асембек
Өңдеген: Гүлназ Жамбулова


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1058190
Пікірлер

Көрші сілтемелер