Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-19729232138 %62 %
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-216315651 %49 %

Шекара маңындағы жерлерді шетелдіктерге беруге тыйым салатын заң қабылданды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 14:00 - 2019/10/10


Шекара маңындағы жерлерді шетелдіктерге беруге тыйым салатын заң қабылданды

Бүгін Сенат депутаттары мемлекеттік шекара маңында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге беруге тыйым салатын заңды қабылдады. 

Сенатта "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы екінші оқылымда қаралды. Заң жобасы 13 кодекс пен 29 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

"Заң жобасында мемлекеттік шекара маңында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетелдіктердің қатысуы бар қазақстандық заңды тұлғаларға беруге тыйым салу көзделген", - делінген сенаттың аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің қорытындысында.

Сондай-ақ, заң жобасының негізгі түзетулері жер ресурстары саласындағы мынадай нормаларды көздейді: ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін босалқы жерлерге ауыстыру жағдайларын шектеу; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланылуына бақылау жасау тетігін жетілдіру; ауыз су сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру талаптарын нақтылау.

Сондай-ақ, жануарлар мен өсімдіктер әлемі саласындағы браконьерлік мәселелері бойынша әкімшілік және қылмыстық заңнамалардың нормалары қатаңдатылды.

Заң жобасында көзделіп отырған өзгерістер заңнамалық базаны жетілдіре отырып, еңбек өнімділігін еселеуге, сондай-ақ өңделген өнім экспортын ұлғайту арқылы агроөнеркәсіп кешені саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қолайлы мүмкіндіктер қалыптастырмақ.

Сенат депутаттары заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, қабылдады.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1058178
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар