Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-23254196921 %79 %

Ресейде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған концерт өтті - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңа



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 13:20 - 2019/10/10






Санкт-Петербургте ұлы қазақ ақыны мен ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған концерт өтті.

Елена Образцова атындағы мәдени орталықтың сахнасында халықаралық сайыстардың лауреаттары Қуат Бағысбеков пен Дина Атамқұлова әлемдік пен қазақ классикасының шығармаларын орындады. «Вива, музыка!» атты концерт Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы қолдауымен өткен.

Қуат Бағысбеков, әнші:

– Санкт-Петербург – Ресей Федерациясының мәдени астанасы. Жергілікті жұрт өнерді, әсіресе академиялық музыканы өте жақсы көреді. Бұл жердің өзі адамды өнерпаздыққа баулиды.

Дина Атамқұлова, әнші:

– Абай шығармалары негізіндегі арияларды және қазақ халық әндерін орындаймыз. Көрермендерге ұнайды деген үміттемін, өйткені бұл танымал шығармалар, көбісі оны жақсы біледі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1058140
Пікірлер

Көрші сілтемелер