Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-19729232138 %62 %
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-21110 %100 %

Елордада автобус жолаушылары енді банк картасымен ақы төлейді - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 11:10 - 2019/10/10






Нұр-Сұлтанда автобус жолаушылары енді банк картасымен ақы төлейді.

Ал көлік жүргізушілері «Smart Astana» мобильдік қосымшасы арқылы айыппұлдарын өтеуге мүмкіндік туады. Ақылды қала тұжырымдамасы бойынша бас қалада жаңа қызмет түрлері пайда болды.

Елорда смартфондағы қалаға айналады. Әлемдегі алдыңғы қатарлы 50 шаһардың бірі атану үшін ең алдымен осы белесті еңсеру қажет. Батыл әрі өршіл қадам. Дүниежүзілік ақылды қалалар индексінде Сингапур көш бастап келеді. Басқаруды дамыту халықаралық институты жүргізген зерттеу бойынша алғашқы ондыққа Цюрих, Осло, Женева, Копенгаген сынды қалалар да кіреді. Ал елорда Сингапур және Еуропа елдерінің тәжірибесін ұштастырды. Халыққа ең қажетті 70 қызмет түрін мобильді қосымшаға біріктірді.

Әсел Әлімханова, «Астана Innovations» АҚ баспасөз хатшысы:

– Мобильді қосымша арқылы дәрігердің қабылдауына жазыла аласыз. Сондай-ақ салық төлемдері жөнінде барлық мәліметтермен танысасыз. Жеке сәйкестендіру нөмерін енгізсеңіз болғаны. Жақын арада айыппұл төлеу жүйесі пайда болады. Қазір соңғысы мемлекеттік органдармен тексеріліп жатыр.

«Smart Astana» арқылы енді бірыңғай жиынтық төлем жасауға да болады. Яғни өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін ең тиімді жүйе. Кез келген банк картасы қолданылады. Шаһарда бұл мобильдік қосымшадан бөлек, зияткер көлік жүйесі енгізілді. Банк картасымен де жол ақысын төлей аласыз.

Дамир Байбосынов, қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бас маманы:

– «Цифрлық Қазақстан» бойынша негізгі 5 бағыт анықталды. Олар қауіпсіздік, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй шаруашылық және көлік саласы. Биыл біз виза және мастер карт карточкасы бойынша төлеуді жоспарлап отырмыз.

Қалада «Smart city» тұжырымдамасының енгізілгеніне 2 жылдан асты. Осы уақыт аралығында қауіпсіздікке баса мән берілді. 13 мыңдай бейнебақылау камерасы орнатылды. Бірақ сол инновациялық технологияларды көпшілік біле бермейді. Халықтың назарын жаңашылдыққа көбірек аудару үшін ынталандыру тәсілі енгізілді. Егер мобильді қосымшаны жиі қолдансаңыз, арнайы сыйлық немесе театрға билет ұтып аласыз.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Ербол Дайыров

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1058032
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар