Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-18470136634 %66 %

ЕЛОРДАДА ЕЛ НЕГЕ ЕРКІН ЖҮРЕ АЛМАЙДЫ?!



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 10:30 - 2019/10/10


ЕЛОРДАДА ЕЛ НЕГЕ ЕРКІН ЖҮРЕ АЛМАЙДЫ?!

Мемлекет басшысы Елорданы одан әрі дамыту жөнінде жиын өткізіп, бірқатар нақты тапсырма берді. Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы 10 жылда Елордаға тартыл­ған инвестиция көлемі­нің азайып кеткеніне назар аударды. Мем­ле­кет басшысы қала әкім­дігі мен Сыртқы істер  министрлігіне осы бағыт­тағы жұмысты жандандырып, жуық арада нақты нәти­же­лерге қол жеткізуді тапсырды.

– Нұр-Сұлтан экономика мен бизнес ортаға қолайлы жағдай жасайтын қала болып қала беруі қажет. Басты міндеттердің бірі – инвестиция тарту,– деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзекті мә­се­­ле­лердің бірі ретінде баспана беру мен құрылыс жұмыстарының бәсең­деуін атады.

– Үлескерлік құрылыс мәселесін тез арада шешу керек. Қалада 49 проб­ле­малық нысан бар. Ондағы құ­ры­лыстың аяқталуын 13,5 мың үлескер тағат­сыздана күтіп отыр,– деді Мемлекет басшысы.

Президент Елорда тұрғындарының өмір сүруіне мейлінше қолайлы жағ­дай жасау керектігіне көңіл бөлді. Пре­зи­денттің пайымдауынша, Нұр-Сұлтан – «төрт құбыласы тең қала» қағи­да­тымен дамуы қажет. Негізгі міндет – жол салу және жөндеу, орталық коммуникацияларды тарту, шеткі көшелер мен «Мичурино», «Интернациональный», «Күйгенжар» елдімекендерін жа­рықтандыру.

– Қаланың көптеген аудандарында жабдықталған тротуарлар мен жүргін­ші­лер өтпесі жоқ. Салдарынан, жүргін­шілердің өмірі мен денсаулығына қатер төнеді. Біз көлікпен жүреміз, ал адамдар жолдан өте алмайды. Олар кез келген жерден кесіп өтіп, жол жүрісі ережелерін бұзуға мәжбүр, әрі өзі мен жүр­гізуші үшін қауіп тудырады. Өр­ке­ниетті қалаларда барлық жерлерде өтпелер жасалады. Жүргізушілер мен автокө­лік­тер үшін жағдай жасадық, әйтсе де, аза-маттарымыздың қажет­ті­лік­терін ұмы­тып, тиісті жағдайлар түз­бедік. Біз адам­дарды жолды белгіленбеген жерден жүгіріп өтуге өзіміз итермелейміз. Осыған қажетті жобалармен айналы­сы­ң­ыздар, көпірлер, өтпелер тұр­ғызыңыздар! – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қала тұр­ғын­дарының қозғалысын қамтамасыз ету мәселесін де айналып өтпеді. Бұл тұр­ғыда Мемлекет басшысы жеңіл рельс­ті көлік (LRT) құрылысын сынға алды.

– Үкімет пен әкімдікке LRT құры­лы­сын қайта бастау және бірінші кезеңінің аяқ­талу мерзімін нақты белгілеуді, сонымен қатар, екінші кезеңнің кестесі мен жүзеге асыру тетіктерін айқындауды тапсырамын,– деді Президент.

Президент энергетика саласындағы нысандар құрылысының уақытылы аяқталмауын атап айтты. Құрылысы 2010 жылы басталып, биыл аяқталуы тиіс ЖЭО-3-тің пайдалануға берілу мерзімі кейінге шегерілгенін мысалға келтірді. Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың «Сарыарқа» газ құбырына қосылуға дайын болмауын да сынға алды.

Президент азық-түлік және күн­делік­ті тұтыну тауарларының қым­бат­тығына назар аударды. Оның ойынша, бағаның қымбаттығы – инфрақұрылым мен азық-түлік белдеуінің нашарлығы, сауда орын­дарының жетіспеушілігінің айғағы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарының әкімдіктеріне тауар өндірушілермен және сауда желілерімен тікелей байланыс орнатуды тапсырды.

Мемлекет басшысы өз сөзінің басым бөлігін қала тұрғындарының әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсартуға арнады. Оның ойынша, ішкі миграциялық процестерге бақылаудың болмауынан жыл сайын қала халқының саны артып, ол өз кезегінде әлеуметтік инфра­құ­ры­лым­ға, соның ішінде медицина мен білім са­ла­сына салмақ түсіруде.

Президент білім беру ұйымдарында орын жетіспеушілігін айтты. Ол мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ме­кемелеріндегі орын тапшылығын шешу үшін жекеменшік әріптестікті көбірек тартудың маңыздылығын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев медицина­лық қызметтің сапасын арттыруды да атап өтті. Бұл тұрғыда 60 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген Орталық теміржол ауруханасының апатты жағ­дайын мысалға келтірді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы спорт­­тық нысандардың қала тұрғын­да­ры үшін қолжетімді болуы үшін қа­жетті шаралар ұйымдастыруды, «Қазақ­стан» және «Толқын» спорт кешендерінде қай­та жөн­деу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Президент Нұр-Сұлтан ағылшын тілінде қызмет көрсететін халықаралық орталық ретінде дами беруі керек деді.

– Шетелдік сарапшылар мен инвес­тор­ларға ағылшын тілінде «бір терезе» қа­ғидаты бойынша қызмет көрсетуді ұйым­дастыру керек. Ол үшін қала әкім­дігі «Астана» халықаралық қаржы орта­лы­ғы Экспат орталығының мүм­кіндігі мен тәжірибесін пайдалануы тиіс,– деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданың қарқынды дамуы үшін  тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі де өзекті екенін айтты.

– Жыл басынан бері балалардың те­ре­зелерден, балконнан құлау салдарынан 14 тосын жағдай тіркелді. Құры­лыс нормаларында қауіпсіздіктің нақты параметрлерін күшейту қажет деп санаймын,– деді Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қала­ны абаттандыру және қоғамдық орындарды қайта жаңғырту жоспарымен танысты. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Президентке Елорданың әлеуметтік-мәдени дамуы, көгалдандыру мен жүзеге асырылып жатқан негізгі инфрақұрылымдық жобалар жайында баяндады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1058012
Пікірлер

Көрші сілтемелер