Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-18705199839 %61 %

Еуро-2020: Қазақстан құрамасы Кипрді жеңе ала ма



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 09:30 - 2019/10/10


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысындағы 7-тур ойындары өтеді. Доп додасында I тобында сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасы өз алаңында Кипрді қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық футболшылар Кипр құрамасымен 6 қыркүйекте бір мәрте кездесіп үлгерді. Бұл ойында қос құрама 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарқасты. Кездесу барысында қазақстандық шабуылшы Алексей Щеткин 2-минутта есеп ашты. Оған Кипр шабуылшысы Пиерос Сотириу 40-минутта бір голмен жауап қайырды. Айта кетерлігі, бұған дейін құрамалар екі мәрте жолдастық кездесу өткізді. Екі ойында да кипрліктер жеңіске жеткен болатын.

Еске сала кетейік, қазақстандық футболшылар аталмыш қарсыласымен бұған дейін сырт алаңда кездескен еді. Бүгінгі ойында қос құрама Қазақстанда тұңғыш мәрте жасыл алаңға шығады.

Қазақстандық құрама Еуропа чемпионатының іріктеу сатысын сәтті бастады. Алғашқы ойында өз алаңында Шотландияны 3:0 есебімен тізе бүктірді. Одан кейін Ресейге 0:4 есебімен жол берді. Келесі кездесуде Бельгияға сырт алаңда 0:3 есебімен есе жіберіп, сосын елордада Сан-Маринодан 4:0 есебімен басым түсті. Бесінші кездесуінде сырт алаңда Кипрмен 1:1 есебімен тең түссе, Ресейге соңғы минуттарда 0:1 есебімен жол беріп қойды.

Ал Кипр алдымен Сан-Мариноны 5:0 есебімен жеңсе, сосын Бельгияға 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Бұдан кейін сырт алаңда Шотландияға 1:2, Ресейге 0:1 есебімен жол берді. Қазақстанмен тең ойыннан кейін сырт алаңда Сан-Мариноны 4:0 есебімен жеңіп қайтты.

Айта кетерлігі, екі құраманың еншісінде қазір жеті-жетіден ұпай бар. Мамандар бүгінгі кездесуде қай құрама жеңіске жетсе сол құраманың үшінші орын алу мүмкіндігі зор екенін айтады. Жалпы, үшінші орыннан олардан басқа Шотландия құрамасы да үміткер екенін айта кеткеніміз артық болмас.

Бүгінде Кипр құрамасына израильдік маман Ран Бен-Шимон жетекшілік етеді. Ол құрамаға 2017 жылдан бері жетекшілік жасап келеді. Ол Қазақстанмен кездесуде өз шәкірттері барын салатынын жеткізіп отыр. Қос құраманың деңгейі бірдей екенін мойындаған ол бүгінгі кездесуде шәкірттерінің жеңіске жету жолын іздейтінін айтады.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек те қарсыласына есе жібермеуге назар аударатынын тілге тиек етті. Бұдан бұрынғы ойындарда жасыл алаңға құрамға бірқатар өзгерту енгізген чех маманы үш ұпай олжалау басты мақсат екеніне тоқталып өтті. Алдағы ойындарда қазақстандық құраманың ұпай қорын толықтыруға мүмкіндік мол. Оның шәкірттері 13 қазанда елордада Бельгияны қабылдағаннан кейін сырт алаңда 16 қарашада Сан-Мариномен кездессе, іріктеу сатысын 19 қарашадағы Шотландия құрамасымен кездесуімен түйіндейді.

Қазақстан және Кипр құрамалары арасындағы кездесу бүгін елордадағы «Астана-арена» стадионында Нұр-Сұлтан уақытымен 20.00-де басталады. Ойын QazSport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ, бүгін I тобында Ресей мен Шотландия, Бельгия мен Сан-Марино ойындары өтеді. Ал 13 қазанда Қазақстан мен Бельгия кездессе, Кипр мен Ресей, Шотландия мен Сан-Марино шеберлік байқасады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1057987
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Демалыс күндері ауа тем 15 sek
Атырау облысында полице 15 sek
Қостанайда АТТ мүшелері 5 min
Маңғыстауда 120 отбасы 5 min
Хуаңхы өзені алабының е 10 min
Шинжяң едеилердің емдел 10 min
Головкин – Шеремета жек 10 min
Қазақстандықтар өз атын 11 min
Көпбалалы отбасылар жаң 20 min
Ұларбек Нұрғалымұлы: Бі 20 min
Оқиғалар хроникасы. 18 20 min
中国哈萨克语广播网 20 min
Оңдасын Оразалин: Ақтөб 23 min
«Кебенек» телехикаясы: 23 min
Елбасы: Үкімет пен «Nur 26 min
Биыл Алматы облысынан 2 1 sagt
Имамға құрмет көрсетілд 1 sagt
Қоғам отбасылық құндылы 1 sagt
Мүрәжәйдән «уақыт іздер 1 sagt
Өзәрә сену, өзәрә көмек 1 sagt
Елбасы: Үкімет пен «Nur 1 sagt
Ақтөбеде ерікті қан тап 1 sagt
Нұрлан Нығматулин: Ұлт 1 sagt
Ұлттық қорғаныс универ 1 sagt
Бала қатыгездігі. Әскер 1 sagt
Судьяға кандидаттың қан 1 sagt
Радек Вондрачек: Қазақс 1 sagt
Дін жастардың өзіне дег 1 sagt
Жамбыл облысында әлеуме 1 sagt
Елбасы төрағалығымен өт 1 sagt