Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-151347355232 %68 %
2019-10-16000 %100 %

Павлодар ауданында 9 бас жылқы өртеніп кетті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 03:30 - 2019/10/10


Павлодар ауданында 9 бас жылқы өртеніп кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тілсіз жау Павлодар ауданының Ольгинко ауылында тіркелген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да отыздан астам саяжай үйі жанып кетті Күзгі жиым-терімнен кейін өрт қаупін сейілтпей тұр – ТЖК Батыс Қазақстанда 21 тонна пішен жанып кетті

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Кеше, 8 қазан күні сағат 16.42-де кезекшілік бөліміне № 3 өрт сөндіру бөлімінен 70 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалығының аймағында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Шлактан құйылған базаның ағаш құрылымдары мен төбесі жанған. Сондай-ақ, жалын 180 шаршы метр аумақта 4 тонна шөпті шарпып өткен.

Өрт салдарынан базаның төбесі құлап, 9 бас жылқы оттың астында қалған. Оқыс жағдайдың орын алуына тұрғындардың отты абайсыз қолдануы себеп болған.

Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі анықталуда. Оқиға орнына № 3 өрт сөндіру бөлімінен үш адам мен бір автоцистерна, өрт сөндіру зертханасы шықты.

Сонымен қатар, жеке құрамнан 16 адам мен үш техника, ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 10 адам мен МТЗ-80 жұмылдырылды.

Өрт сағат 19.50-де ауыздықталып, 20.15-те толығымен сөндірілді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1057958
Пікірлер

Көрші сілтемелер