Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-151347355232 %68 %
2019-10-168214926 %74 %

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Елорданың даму қарқыны бәсеңдемеуі керек – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 02:30 - 2019/10/10


Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Елорданың даму қарқыны бәсеңдемеуі керек – Астана Ақшамы

Сейсенбіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөнінде жиын өткізді. Жиын үстінде елордамыздың соңғы жылдардағы жетістіктерімен қатар, қала тіршілігіне қатысты қордаланып қалған, шұғыл шешуді қажет ететін өзекті, өткір мәселелер ортаға салынды.

«Нұр-Сұлтан қаласы ірі саяси-экономикалық қана емес, мәдени әрі зияткерлік орталыққа айналды. Елорданың осы даму қарқынын бәсеңдетпей, одан әрі күшейтуіміз керек. Көп жұмыс атқарылды, бірақ мұнымен шектеліп қалмауымыз қажет. Басты мақсат – елордамыздың дамуын барлық бағыт бойынша жаңа сапалы деңгейге көтеру. Елорданың көркеюі – Қазақстанның өсіп-өркендеуін көрсететін негізгі фактор. Бұл орайда қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту үшін барлық қажетті жағдай жасалуы тиіс» деп атап айтты Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов сөз кезегін алып, елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы, стратегиялық жоспары, әлеуметтік салада тұрғындарды мазалайтын түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған іс-шаралар туралы баяндады. Соңынан Президент бас қалаға қатысты бірқатар мәселелерді ашық айтып, оларды шешу жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Басты мәселе – қолжетімді баспана

Қала басшысы жүргізілген сауалнамаға қатысқан елорда тұрғындарының тең жартысы баспананы басты мәселе деп атап өткеніне тоқталды. Әкімнің айтуынша, қазір баспана кезегінде 47,6 мың адам тұр. Оның жартысынан көбі – түрлі әлеуметтік топтарға жататындар. «2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаржысы есебінен жалпы ауданы 141,5 мың шаршы метр болатын 1634 пәтер (903-і – несиелік және 731-і – жалға берілетін пәтерлер) тапсырылады. Жұмыс істейтін жастар (1050) мен тұрмысы төмен отбасыларға (616) тағы 1666 пәтер сатып аламыз. 2020 жылы жеткілікті қаражат бөлінген жағдайда жалпы ауданы 400 мың шаршы метрді құрайтын 5 мыңға жуық пәтер салынады» деп түсіндірді мәселенің мәнісін Алтай Сейдірұлы.
Әкім үлестік құрылыс нысандарындағы жұмыстардың күнделікті бақылауға алынғанын айтты. Егер биыл 1 маусымда құрылысы тоқтаған 51 нысан (76 үй, 14,5 мың үлескер) болса, соның ішіндегі 2 нысан пайдалануға берілген. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қаржыландырылған ерекше проблемалық 29 нысанның (10394 үлескер) құрылысын аяқтауға Ұлттық қордан 40 млрд теңге қарастырылған. Алайда 29 нысанды толық салып бітіруге шамамен 371 млрд теңге қажет. Сондай-ақ құрылысы басталған проблемалық нысандарды және жаңа үйлердің құрылысын жылдамдатуға қосымша 100 млрд теңге қажет.

Басымдық берілген қос сала

Білім беру саласындағы ең өзекті мәселе – мектептердегі бала санының өсуі. Қазір елордада 295 мың бала оқиды, бұл көрсеткіш кезіндегі Целиноградтың халқымен бірдей. Осыдан 10 жыл бұрын 75 мың балаға 73 мектеп болса, қазір 183 мың оқушы 112 мектепте оқиды. Мысалы, биыл 9 мың бала мектеп бітірсе, 1-сыныптарға 24 мың бала барған. Соның нәтижесінде мектептерде 25 мың оқушыға орын тапшы. 8 мектепте балалар үш ауысыммен оқып жүр. Міне, бұл – әкімнің баяндамасында келтірген деректер.
Алтай Көлгінов 5 жылдық кешенді жоспардың аясында 47 мектеп салу жоспарланғанын жеткізді. Биыл жыл соңында 4,6 мың орындық 7 мектептің құрылысы аяқталады. Ал 2020 жылы 9,5 мың бала оқитын 12 мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ 12 мың орындық 8 нысанның құрылысы жалғасады. Осылайша 2020-2021 оқу жылдары елорданың барлық мектептерін екі ауысымдық оқуға көшіру жоспарланған. Қала басшысы Сингапур, Үндістан, БАӘ, Бахрейн сияқты шетелдік инвесторлардың қатысуымен 6 халықаралық деңгейдегі мектеп (балабақшасымен қоса) салынатынын мәлім етті. Нұр-Сұлтан қаласы жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу жөніндегі қанатқақты жобаны сәтті өткізді. Қазір балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз ету 94 пайызды құрайды.
Алтай Сейдірұлының айтуынша, елорданың медициналық кластері жақсы дамуда. Соның дәлелі – соңғы 2 жылда бас қалада әлемнің 45 елінен келген 3,5 мыңға жуық шетелдік азаматтар ем-дом алыпты. Өткен жылы адамның өмір сүру жасының ұзақтығы 76 жасты құрап, 1998 жылғы көрсеткіштен 10 жылға өскен. Соңғы үш жылда адам өлімі – 10 па­йызға, сәбилер өлімі – 11 пайызға, ісік ауруынан болатын адам өлімі – 8 пайызға, жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын адам өлімі 18 пайызға азайған.
Денсаулық сақтау саласындағы жағымды екі жаңалықтың бірі – «Үйдегі дәрігер» жобасы. Қазір қалада 160 мың адамды қамтитын 14 нысан ашылған, олар әр науқасқа 20 минуттық жерде қолжетімді. Екінші жаңалық – 2020 жылы 600 орындық көпбейінді қалалық аурухананың құрылысы басталады. Әкімдік оны түріктің әлеуетті инвесторымен бірлесіп жүзеге асырады.

Инженерлік инфрақұрылым және тұрғын үй алаптарын дамыту

Қала тұрғындары санының тез өсуі себебінен халықты ауызсумен және жылумен қамтамасыз ету өткір мәселе болып отыр. Болжам бойынша 2030 жылға қарай суды пайдалану жылына 100 млн текше метрден 180 млн текше метрге дейін ұлғаяды. Бұл мәселені шешу үшін Қ.Сәтпаев су арнасынан «Астана су арнасы» магистраліне дейінгі аралықта су таратқыш салу жобасы қарастырылуда. Егер бұл жоба іске асырылатын болса үш мәселе шешіледі: қаладағы су тапшылығы жойылады, сумен жабдықтаудың тәуелсіз көзі пайда болады және суды сүзу мен ылғалға жұмсалатын шығындар болмайды. Осы жобаны Үкімет басқаратын мемлекеттік комиссия қолдап, әкімдік дайындық жұмыстарына кіріскен.
Резервтік су жүйесі бойынша жер­асты суының 4 бірдей нұсқасынан ең қолайлысы деп елордадан 47 шақырым жердегі Нұра кен орнының құрылысы таңдалған. Ал су бұру бойынша қолданыстағы жалғыз канализациялық тазарту стансасы 90 пайызға жұмыс істеп тұр. Әкімдік Инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп қуаты 118 мың текше метр болатын 2-канализациялық тазалау стансасының құрылысын жобалауда. Алтай Көлгінов сондай-ақ жылумен қамту мәселесінің шешілу жолдарына тоқталды. Оның айтуынша, 1-інші және 2-жылу беру орталықтары ағымдағы қажеттілікті қамтамасыз етеді. Алайда алдағы жылдары қалаға тағы 440 Гкал/сағ жылу беретін 3-орталықты іске қосу керек. Қазір оның дайындығы 70 пайызды құрайды. Алайда жобаның газға көшірілуіне орай, 2020 жылдың бірінші тоқсанында «Мемсараптама» мекемесінің қорытындысын алып, бюджеттік өтінім жіберіледі.
Қала басшылығы тұрғын үй алаптарын дамытуды ерекше бақылауға алған. Себебі 16 тұрғын үй алабында 280 мың адам немесе қала халқының 25 пайызы тұрады. Олардың түйінді мәселелері үш бөлікке бөлінген: жол және инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік нысандарға қажеттілік, абаттандыру. Қалалық әкімдіктің тұрғын үй алаптарын дамыту жөніндегі жобаларды 5 жылдық кешенді жоспарға енгізуге қатысты ұсынысын Үкімет қолдаған. Әр бөлік бойынша жалпы құны 149 млрд теңгеге жобалар жиынтығы дайындалған.

Газ тарту және нөсер канализациясы

Елбасының 5 әлеуметтік бас­тамасы аясында газ тарататын желілер құрылысын салу үш кезеңмен жүргізіледі. «Жыл соңына дейін 25 шақырым желінің және 2 газ бөлетін нүктенің құрылысын аяқтаймыз. Құрылысты 2020 жылдың қараша айында бітіруді жоспарладық. Бірінші кезеңді 2021 жылдың тамызында аяқтау жоспарланған. Қазір газ тартудың 2-нші, 3-кезеңдерін жобалауды бастадық. 1-інші және 2-жылу беру орталықтарын табиғи газға көшірудің жобалық-сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптамаға бердік. Биыл қазан айында қорытындысын алып, 9,7 млрд теңгеге бюджеттік өтінім жібереміз» деді А.Көлгінов.
Елордаға газ тарту ауаға таралатын зиянды заттардың көлемін жылына 40 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді. Оның нәтижесінде ауаның ластану индексі 25 пайыз­ға төмендейді. Сонымен қатар қала басшысы Елбасының тапсырмасына орай нөсер канализациясын салу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Қалада нөсер суы жиналатын 50 жер болса, соның ішінде 3-еуі ерекше қауіпті деп саналады. Олар: Уәлиханов және Бараев көшелерінің қиылысы, Б.Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының ауданы, Тұран және Ұлы дала даңғылдарының қиылысқан тұсы. Осы үш учаске бойынша жобалар 2021 жылы іске асырылады. Биыл құны 5,5 млрд теңгені құрайтын 2 тазалау нысаны (Логистикалық орталық, Мыңжылдық) салынып бітеді. Сондай-ақ 2020 жылы үш нысанның («Тельман» тұрғын үй алабы, Үшқоңыр және Ш.Құдайбердіұлы көшесі) құрылысын аяқтау жоспарланған.

Халықтың сөзіне құлақ асатын мемлекет: таңдаулы 9 бағыт

Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына орай елордада жүзеге асырылып жатқан толымды іс-шараларға тоқталды. «Біздің негізгі қызметіміз азаматтармен, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы өзара қарым-қатынасты кеңейтуге бағытталған» деді әкім. Осыған орай, таңдаулы 9 бағыттағы жұмыстарды тізбелеп берді. Біріншіден, Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына орай елордада «Ашық әкімдік» қағидаты енгізіліп, 2 ауданда Open Akimat ашылды, қалғандарында жұмыстар жүргізілуде. Екіншіден, барлық 4 ауданда 1 мыңнан аса адам қатысқан «Ашық есік күндері» шарасы өткізілді. Бұл тәжірибе жүйелі негізде жалғасады. Үшіншіден, қалалық акселератор барлық тұрғындарға ең өзекті мәселелерді (мысалы, ашық құдықтар, қоғамдық көлік, ПИК, санитарлық тазалау) көтеріп, оның шешу жолдарын табуға жол ашады.
Төртіншіден, жер комиссиясы, үлестік құрылыс бойынша ведомствоаралық комиссия, бизнес-жобаларға грант бөлетін және өзге комиссия отырыстарының онлайн нұсқасы әлеуметтік желілерде көрсетіледі. Бесіншіден, «Бюджетке қатысу» атты қанатқақты жоба іске қосылды. Сарыарқа ауданында бұл мақсатқа 100 млн теңге бөлінген. Ең бастысы, тұрғындар жобаны өздері ұсынып, іске асыру жолын таңдайды. 2020 жылы бұл жоба 4 ауданда жүзеге асырылады. Алтыншыдан, I-Qala кәсіпкерлерді қолдау орталығы жұмыс істейді. Жетіншіден, «Астана – адалдық алаңы» жобасы қабылданатын шешімдердің ашықтығын арттырып, жемқорлық қаупін жоя­ды. Сегізіншіден, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында 12 мемлекеттік орган 70-тен аса қызмет түрлерін ұсынады. Күн сайын орталыққа шамамен 300 адам келеді. Өткен үш айда 1000 мәселе шешімін тапқан. Тоғызыншы бағыт – әкімдік басшылығы аптасына екі рет азаматтарды қабылдайды. Мысалы, қала әкімі өз қабылдауына жазылған 500 адамның 300-ін қабылдап үлгерген. Бұл – әрине үлкен жетістік.

«Іріткі салушыларды жұмыстан қуыңдар!»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың дамуына қатысты тапсырмаларды қасақана орындамаған шенеуніктерді жұмыс­тан қууға тапсырма берді. «Қаланы дамытуға қатысты берілген тапсыр­маларды әдейі орындамағандарды қызметінен қуыңдар! Ондайларға қашанға дейін шыдаймыз?» деп Президенттің ашу шақыруына еркін экономикалық аймаққа (ЕЭА) жылу тарту мәселесінің шешілмегені себеп болыпты. 10 жыл бойы шешімін таппаған мәселеге орай 2017 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев әкімдікке индустриалдық парктің инф­рақұрылымының құрылысын аяқтауды тапсырған. «Бірақ бұл жұмыс әлі күнге дейін аяқталмаған. Оның себебін анықтаңдар. Осыған жауапты адамдарды тауып, жазалаңдар. Үкімет пен әкімдік бірлесіп шара қолдануы тиіс» деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

«Алаяқтар түрмеде отыруы тиіс!»

Президент әкімге үлескерлер проблемасын тездетіп шешу қажеттігін тапсырды. Елордада құрылысы аяқталмаған 49 нысан, 13,5 мың үлес­кер бар. «Бұл мәселені шешуге 2018-2019 жылдары 40 млрд теңге бөлінгенімен, соның ішінде 4,5 млрд теңгесі ғана игерілген. Бұған қоса, әкімдік қосымша 170 млрд теңге қаражат сұрайды. Алтай Сейдірұлы, осыны түсіндіріп беріңіз!» деді Президент әкімге бұрылып.
Елорда басшысы мұны кейбір «сақалды» құрылыстардың жобалық-сметалық құжаттарының болмауымен түсіндірді. «Біз әрбір үй бойынша жол картасын қабылдадық. Тұрғындарды алдаған көп алаяқтар қазір заң жүзінде жазасын тартуда. Бірақ олар қажетті құжаттарды жоғалтқан немесе бермей отыр. Сол себептен жаз бойы үйлердің құжаттарын дайындадық. Қаржы институттарымен, екінші деңгейдегі банктермен және мемлекеттік органдармен жұмыс істедік. Сіздің тапсырмаңызды орындаймыз» деп сендірді А.Көлгінов.
Президент әкімге үлескерлердің ақшасын жымқырғандардың барлығын қатаң жазалауға пәрмен берді. «Алаяқтар деген сөз айтылды. Олардың саны аз емес, құрылысшылардың арасында да бар. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі, осы мәселемен нақты айналысыңдар. Алаяқтардың орны – түрме. Олар заңсыз іс-қимылымен халыққа зиянын тигізді. Далада қалдырды. Ал бұған мемлекет жайбарақат қарамауы тиіс. Іске кірісіңдер және нәтижесін баяндаңдар!» деп тапсырды Қ.Тоқаев.

«LRT жобасына жауаптылардың бәрін анықтаңдар!»

Мемлекет басшысы жеңіл рельс­ті трамвай (LRT) құрылысы жобасына шешім қабылдауға жауапты лауазымды тұлғалардың барлығын анықтауды талап етті. Үкімет пен әкімдіктің даулы жобаны одан әрі жалғастыруға шешім қабылдағанын, тығырықтан шығар басқа жолдың жоқтығын айтты. Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігіне тергеуді ширатуды тапсырды. Президенттің па­йымдауынша, қылмыстық істің басты кейіпкерінің алдын ала жоспарлап, шетелге қашып кетуін желеу етіп, тергеу үстірт жүргізілмеуі тиіс. Өйткені бұл іске жауапты басқа тұлғалар тасада қалады. «Мәселен, сол кезде шешім қабылдаған әкімдік басшылары құжатқа қолдарын қойды емес пе?! Егер ол LRT компаниясының басшысы болса да, бір ғана адам шешім шығарған жоқ қой. Шешімді әкімдік қабылдады. Сондықтан тереңірек тергеңдер» деді Президент құзырлы мекеменің өкілдеріне қаратып. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдікке LRT құрылысының бірінші кезегінің аяқталатын нақты мерзімін белгілеуге, екінші кезегін тұрғызудың кестесін жасауға тапсырма берді.

LRT құрылысы 1 айдың ішінде басталады

Алтай Көлгінов біздің басылымға берген жауабында осылай мәлімдеді. Бүгінге дейін құрылысты жалғастыруға жергілікті инвесторлардан 420 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат жиналған. Ол LRT құрылысының алғашқыда өте құны қымбат және күрделі жоба болғанын, Президенттің тапсырмасынан кейін жобаға түзетулер енгізілгенін айтты.
– Бұл жобаны не себептен тоқ­татқан жоқпыз? Біріншіден, халық­аралық міндеттемелер бар. 3-4 жыл бұрын келісімшартқа қол қойылып кеткен. Арбитраж дегеніміз – мемлекеттің міндеттемелері. Одан бас тартатын болсақ, салдары өте ауыр болмақ. Екіншіден, 300 млн-нан астам АҚШ доллары осы жобаға жұмсалып, құрылыс басталып кеткен. Сондықтан барлық сарапшы-мамандармен ақылдаса отырып, жобаны аяғына дейін жеткізу керек деген шешімге тоқтадық. Бір айдың ішінде құрылыс жұ­мыстары басталуы тиіс, – деп мәлімдеді әкім.
Қала басшысы жобаға енгізілген түзетулерді тізбелеп берді. «Біріншіден, Қытай даму банкінен алған қарыздан бас тарттық. Егер бұл қарызды алатын болсақ, түбінде 800 млн АҚШ долларын артық төлейтін едік. Екіншіден, келісімшартта мердігердің тарапынан қосымша құн салығын (ҚҚС) төлеу көрсетілмеген. Мердігеріміз – шетелдік әріптесіміз. Сол себептен қосымша келісімшарт жасадық. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетіне 200 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат түседі. Үшіншіден, стансалардың көптігіне қатысты сын айтылды. Бастапқыдағы 18 стансаның санын 11-ге дейін қысқарттық. Жеңіл рельсті пойыздың стансалар арасына қатынауын 3 минуттан 10 минутқа ұзарттық. Өйткені бұл келешектің жобасы болғандықтан, халық санының өсуін есепке алдық. 7 жеңіл рельс құрамын азайттық. Мұның бәрі 1 млрд 350 млн АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік береді» деді Алтай Көлгінов.

«Сөзіміз бен ісіміз сәйкес келмейді»

Мемлекет басшысы қалаға газ тартуда шенеуніктердің сөздері істеген ісімен сәйкеспейтінін айтты. Нұр-Сұлтанның энергетикалық инфра­құрылымының негізгі мәселесі – «Сарыарқа» газ құбырына қосылуға дайын болмауы. «Осы жердегі бір түсініксіз нәрсе: биылға қарастырылған 2,7 млрд теңге өзге өңірлерге бөлінген. Біз ең алдымен елордаға газ тартуды неге ойламаймыз? Өйт­кені қыстыгүні қаланы қалай түтін басатынын білесіздер. Тұрғындардан да, шетелдік дипломаттардан да, келетін қонақтардан да ұят. Елорданы жаһандық қала, халықаралық хаб деп насихаттап жатырмыз. Яғни сөзіміз бен ісіміз бір-бірімен сәйкес келмейді» деді Қ.Тоқаев.

«Ішкі миграцияны бақылауға алған жөн»

Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі миграцияны қатаң бақылауға алу қажеттігін тілге тиек етті. «Бұлай жалғаса берсе не болмақ? Үлкен қалалар мақтаныш емес, ол – қордаланған проблемалар. Мысалы, біз елордамыз миллионер-қалаға айналды деп мақтанамыз. Бірақ қаланың әрбір жаңа тұрғынын керек-жарақпен қамтамасыз етуіміз керек. Миграция мәселесі – әкімдік пен құқық қорғау органдарының жұмысы. Еліміздің өзге өңірлерінен көшіп келген тұрмысы төмен отбасылар үйдің кезегіне тұруға құқылы. Демек, олар кезекте тұрған адамдардың санын көбейтеді. Соның салдарынан балабақша, тұрғын үй кезегі баяу жылжиды. Мұны осыған дейін де талай айтқанмын. Мектептердегі орын саны да әлі шешілген жоқ. 14 мектептің бір сыныбында 40 баладан бар. Олардың 8-і үш ауысыммен оқиды. 85 мың бала балабақша кезегінде тұр» деп түсіндірді Президент.

«Елордаға ортақ дизайн-код керек»

Мемлекет басшысы елорданың бірыңғай дизайн-кодын құруды тапсырды. Оның айтуынша, қалада бірыңғай құрылыс саясаты жоқ, сол себептен үйлер мен ғимараттар бейберекет салынуда. «Көшелер мен ғимараттардың ортақ үйлесімді стилі жоқ. Сіздер елордаға келген туристердің жазғанын оқыған шығарсыздар. Жалпы, жағымды пікір айтқанымен, қалада эклектика жоқ. Тасжол жарылып, плиткалар ұшып жатыр. Жасыл желек те аз. Ең бастысы, жайлылық сезілмейді. Яғни күтім жоқ, қожайыны жоқ» деді Қ.Тоқаев. Президенттің пікірінше, аудан әкімдері қаланың жай-күйіне ерекше қамқорлықпен қарауы тиіс. «Олар кабинетінде отырмай, жаяу жүріп, қаладағы әрбір үйдің, әрбір тұрғынның өмірін білуге міндетті. Мен қала көшелері мен ғимараттарды безендірудің бірыңғай дизайн-кодын жасауды тапсырамын. Бұл – әкімдікке берілген қатаң тапсырма» деп сөзін жалғады Президент.
Мемлекет басшысы елорда халқының төрттен бірі қоғамдық көліктің бағдарлық желісіне көңілі толмайтынын мысалға келтірді. Себебі автобус бағдарларының көпшілігі жол жүру уақытын ұзартып жібереді. Сондай-ақ автобус салондары тар, жолаушыларға үнемі толып тұрады. Осыған орай, Президент бағдарлардың жүктемесі мен қажеттілігіне талдау жасап, жолаушысы көп бағдарларды анықтап, оларға қосымша автобус беруді тапсырды.

Тұрғындардың медициналық қызметке көңілі толмайды

Елордадағы түйіні шешілмеген мәселенің бірі – дәрігерлердің жетіс­пеу­шілігі. Президент астаналықтардың 40 пайызының медициналық қызметке көңілі толмайтынын айтты. Қазіргі кезде қалаға әртүрлі бағыттағы 500-ге жуық маман қажет. 2018-2019 жылдары ана мен бала өлімінің көрсеткіші ұлғайған. Мемлекет басшысы 60 жыл бойы жөнделмеген орталық теміржол ауруханасының мәселесін көтерді. Аурухана қазір халық тығыз қоныстанған Сарыарқа ауданындағы 400 мыңға жуық халыққа қызмет көрсетеді.
Алтай Көлгінов жауап ретінде аталған ауруханаға жөндеу жүргізу тиімсіз екеніне тоқталды. Сол себептен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жаңа аурухана салуға ұйғарым жасалған. «Қазір бұған 12 гектар жер бөлдік. Ол жердегі сая­жайларды бұзуға 150 млн теңге бөлінді. Алдағы жылы тағы 800 млн теңге қаражат аударамыз. Аурухананы жобалау жұмыстарын бастадық. Нысанды 2023 жылы салып бітіреміз» деді әкім.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1057952
Пікірлер

Көрші сілтемелер