Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-15625171831 %69 %

СҚО-да ауылға келген 58 дәрігерге 87 млн теңге көтермеақы берілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 01:57 - 2019/10/10


ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл ауылға жұмысқа келген 58 дәрігерге 87 млн теңге көтермеақы беріліп, баспана мәселесі шешіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысы бір айда сақтандыру қорына 729 млн теңгеден астам қаржы аударды Аида Балаева емханалар турасында: Адамдар ұзын-сонар кезекке шағымдануда Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында отаның жаңа әдісі қолданылды

СҚО ішкі саясат басқармасының мәліметінше, өңірде дәрігер жетіспеушілігі мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Облыстың емдеу мекемелеріне 230 маман керек. Соның ішінде 27 терапевт, 21 педиатр, 15 анестезиолог-реаниматолог, 15 акушер-гинеколог және 10 хирург қажет.

Биыл медициналық жоғары оқу орындарының 169 түлегі Қызылжар өңіріне келуі керек, келісім бойынша, олардың 86-сы жұмыс істеуге елді мекендерге барады. Қазірдің өзінде олардың жартысына жуығы қызметтеріне кірісіп кетті.

Айыртау ауданына биыл мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмыс күші артылған Түркістан облысынан 4 дәрігер келді. Солардың бірі Мырзатай Байжұман Айыртау аудандық ауруханасына учаскелік терапевт болып жұмысқа орналасты. Зайыбы биология пәнінің мұғалімі, қазір декреттік демалыста. Екі баласы бар отбасыға аудандық әкімдік 3 бөлмелі пәтерді тұруға берді. Қазір олар 1,5 млн теңге көтермеақы алу үшін құжаттарын жинап жатыр.

Былтыр «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдағы 26 дәрігерге 4,377 млн теңге көтермеақы және 11-іне баспана алуға 39 млн теңге бюджеттік несие берілді. Ал биыл 10 дәрігерге 2 млн жуық теңге көтермеақы бөлініп, 7 дәрігер 26,5 млн теңге бюджеттік несие алды.

Облыстық мәслихаттың шешімімен дәргерлердің жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында былтырдан ауылға жұмысқа келген әр маманға 1,5 млн теңгеден беріле бастады. 2018 жылы осы мақсатқа 40 млн теңге жұмсалса, биыл 58 дәрігер 87 млн 240 мың теңге алды.

Петропавл қаласында 80 пәтері бар «Дәрігерлер үйі» бар. Бұл жерде баспанасы жоқ жас мамандар тұра алады. «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы аясында «Жас өркен» ықшам ауданынан медициналық қызметкерлерге 23 пәтер бөлінді. Биылдан бастап 1 млн теңгенің тұрғын үй сертификаттары беріле бастайды. Алғашқы 100-і жас мамандарға берілмекші.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1057942
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар