Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-15565158330 %70 %

Әлеуметтік орталықтардың әлеуеті қандай? – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 01:45 - 2019/10/10


Әлеуметтік орталықтардың әлеуеті қандай? – Астана Ақшамы

Елордадағы әлеуметтік орталықтар қызметкерлерінің жалақысы төмен. Кейбір орталықтардың материалдық-техникалық базасы жаңартуды қажет етеді. Қызметкерлерді баспанамен қамту мәселесі де бар. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары қаладағы бірқатар орталықтарды аралап, жұмысымен танысқанда осы мәселелерді анықтады. Алдымен олар жақында ғана ашылған «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына барды.

Аталмыш орталықта 12 мемлекеттік мекеме мен квазимемлекеттік секторға жататын ұйымдар халыққа аса қажет 70-тен астам қыз­­мет түрлерін көрсетеді. Тұрғындар өздерін мазалайтын кез келген әлеуметтік мәселе бойынша орталықта мамандардың кеңестеріне жүгіне алады. Мәселен, баспана кезегіне тұру, жеңілдікпен дәрі-дәрмек алу, тағы осы сияқ­ты сұрақтарына жауап
табады. Қала әкімі мен оның орынбасарлары осы жерде көпбалалы аналарды қабылдайды.
Әсіресе, балаларын үйде қалдыра алмай, ертіп жү­ретін аналарға тиімді жағ­дайлар жасалған. Орталық­та балдырғандардың ойын алаңына арнайы орын бө­лінген. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау да осы орталық арқылы жүргізіледі. Бұған қоса, «Кәсіпкер ана» атты аналарға арналған биз­несті қолдау және дамыту орталығы орналасқан.
«Жанұя» орталығына күніне 250-300 адам түрлі кеңестер алу үшін келеді. Орталық ашылған уақыттан бері оның қызметіне 3 мың адам жүгінді. Мұнда келгендер өздерін мазалаған мәселелерге кәсіби мамандардан кеңес алады. Сапалы ақпараттарға қанығады. Негізінен, қалада 153 мың адам түрлі әлеуметтік қызметтерді пайдаланады. Бұл орталықтың бір ерекшелігі – халыққа керек қызмет түрлері бір жерде шоғырланған» дейді қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина.
Орталықты аралау барысында қалалық мәслихат депутаты Ақылбек Күрішбаев мұнда келген тұрғындармен сөйлесіп, бір ананың өзінің кезегін 40 минут бойы күтіп отырғанын біліп, соның себебін сұрады. «Атаулы әлеуметтік көмекті алуға құжаттарды қабылдау шамамен алғанда 30-40 минутты алады. Базаны қарап, тексеруге осыншама уақыт кетеді» деп жауап берді бұған орталық үйлестірушісі Әйгерім Тәңірбергенова.
«Шарапат» әлеуметтік қыз­мет көрсету орталығында қазіргі кезде 323 адам тұрып жатыр. Оның 180-і – бірінші және екінші топтағы мүгедектер, қалғаны – жалғызбас­ты қарттар. Орталықты паналап отыр­ған адамдардың ең жасы 25 жаста болса, ең кәрісі – 96 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері. Негі­зінен, мекеме 450 адамға шақталған.
Бөлмелер бір адамдық және екі адамдық болып бөлінген. Осында кездесіп, отбасы құрған жандар да бар екен. Екі адамдық бөлмелер соларға берілген. Әр бөлмеге теледидар мен тоңазытқыш қойылған. Орталықта кітап­хана, баспахана, музей жұмыс істейді. Тиісті құралдармен жабдықталған асхана, мүгедектерді бейімдеуге арналған спорт зал, медициналық блок, монша бар. Бес уақыт тамақ беріледі. Бір адамға күніне 6189 теңге жұмсалады. Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисін ойнауға, қолөнермен, бағбандықпен айналысуға жағдайлар жасалған. Ауладағы үш жылыжайда қызанақ өсіп тұр. Орталық тұрғындарының арасында түрлі қалалық, республикалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері де кездеседі.
«Шарапатта» қазір 246 адам жұмыс істейді. Негізінен штатта 270 адам болуы керек. Алайда жалақы аз болғаннан кейін қызметкерлер көп тұрақтамай, жиі ауысып отырады. Орташа жалақы – 74735 теңге. Соның ішінде шаруашылық қызметкерлерінікі – 64874 теңге, кіші медициналық персоналдікі одан да аз – 64673 теңге. Биылғы бюджеттен бізге 780 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Жергілікті бюджеттен 705 миллион теңге, республикалық бюджеттен 75 миллион теңгеге жақын. Жалақы қоры 232 миллион теңгені құрайды. Осы жылы бюджетке 51 миллион теңгеге қосымша сұраныс бердік. Бұл қаржы кір жуатын бөлменің, асхананың, физиокабинеттің құралдарын жаңартуға, мүгедектер арбасына арналған көліктерді, серверлік режимде жұмыс істеу үшін қондыр­ғыларды алуға керек» дейді орталық директоры Рысты Баймағамбетова.
Оның айтуынша, қазіргі кезде орталықтың мәртебесі коммуналдық мемлекеттік мекемеден мемлекеттік коммуналдық кә­­­­сіп­орынға ауысу үстінде.
Әрі қарай шаруашылық жүргізу құ­қы­ғындағы кә­сіпорынға ауыспақ. Алайда бұл өте ұзақ уақытты алады екен. Мәртебесі ауысқанда өз-өзін қамтуға да жол ашылады. Осы күндері орталық ақылы қызмет те көрсетеді. Қарттарды немесе мүгедектерді ақша төлеп, мұнда орналастыруға болады. Бір айлық төлем – 64 мың теңге. Бірақ төленген қаржы орталық кассасына емес, бірден бюджетке түседі. Бүгінгі таңда осында 78 адам коммерциялық негізде тұрып жатыр.
«Үміт» дағдарыс орталы­ғын отбасылық зорлық-­зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балалар паналайды. Қазір мұнда 13 әйел мен 30 бала, барлығы 43 адам тұрып жатыр. Негізінен, 50 адамға арналған. Паналау мерзімі 2 айдан 6 айға дейін созылады. Орталық директорының орынбасары Шынар Кәкімованың сөзінше, мекеме қаланың Жұмыспен қамту орталығымен әріптес­тік орнатқан. Яғни, психологиялық көмек көрсетумен қатар, оқытып, жұмысқа тұруға да көмектеседі. Мұнда да жалақының аздығы мәселесі бар. Қызметкерлер саны – 41 адам.
Бүгін қалалық мәслихат депутаттары Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы елорда әкімдігіне қарасты «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барады. Бұл туралы газетіміздің келесі нөмірінен оқисыздар.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1057939
Пікірлер

Көрші сілтемелер