Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-231391591239 %61 %
2019-10-2412350925 %75 %

Балаңыз әскерге дайын ба? – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 00:30 - 2019/10/10


Балаңыз әскерге дайын ба? – Астана Ақшамы

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Мәслихатта «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының бастамасымен Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметіне 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтардың шақыртылуына қатыс­ты жиын өтті.

Елордадан 800 жасөспірім әскерге аттанады

Қыркүйек айының алғашқы күндерінен бастап бозбалаларды әскерге шақырту басталды. Нұр-Сұлтан қаласынан осы күзде оған 6 мыңдай азамат шақыртылып, қазіргі кезде медициналық тексеруден өтіп жатыр. Бірақ жасөспірімдердің тек 800-і ғана Отан алдында борышын өтеуге баратын болып отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының міндетін атқарушы Айдын Сағынбеков мәлім етті.
Жалпы, әскерге шақырылған жастар алғашқы легі қыркүйек­те шекара және мемлекеттік күзет қызметтеріне шақыртылды. Ал қазан айында танкистер мен мотоатқыштар іріктелсе, желтоқсанда Ұлттық гвардияға баратын сарбаздар таңдалады. Сондай-ақ әскерге жұмыссыз жастарды шақыртуға ерекше көңіл бөлінген. Бозбалалар әскери қызметте жүріп, қосымша мамандықтарды меңгеретін болады: байланысшы, жүргізуші механик, дизельші, моторист, автомеханик, әуежайларда жұмыс істейтін маман, дозиметрші, бақылаушы, құтқарушы, кинолог және т.б. десанттық және басқа арнайы даярлықтардан өтеді. Нысандарды күзету мен қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне үйренеді. Осыдан кейін әскерден келген жігіттерге азаматтық өмірде жұмыс табуға біршама жеңілірек болады. 2019 жылдың көктемінде армияға шақырылғандардың қатарында жұмыссыз жастардың үлесі 62 пайыздан асқан.
– Кейінге 6 жылда әскерге шақырылатындардың саны елордада 2013 жылғы 800 адамнан 2018 жылы 1600 адамға дейін артқан. 2019 жылдың соңына дейін олардың санын 1650 адамға (көктемгі, күзгі шақырылымдар) жеткізу жоспарланып отыр, – деді подполковник А.Сағынбеков.
Биыл 5 800 адам әскери есепке алынды. Көктемгі шақырылым кезінде 18-27 жас аралығындағы 6000 адам, 17 жастағы 5 800 жасөспірім медициналық тексеруден өтті. Есепке алу кезінде шақырылғандардың ішінде науқастары анықталған болса, олар сауықтыру үшін емдеу мекемелеріне жіберіледі. Жалпы, медициналық шақырылым комиссиясының тексеруінен жыл сайын 18 000 адам өтеді.
Сондай-ақ ағымдағы жылы запастағы 100 адам әскери қайта даярлаудан өткен. Әскери-техникалық мектептерде 24-27 жас аралығындағы 500 шақырылушы запастағы әскери міндетті санатына көшірілді.

Балаңыз әскерге дайын ба?

Соңғы жылдары әскерге шақыртылғандардың денсаулығы жақсарып келе жатыр дейді дәрігерлер. Дегенмен, медициналық тексеруге келген жас жігіттердің көбінің көзі нашар көреді екен. Оны компьютерде, смартфонда көп отырғанның әсерімен байланыстырады. Жасөспірімдердің арасында салмағы жетіспеушілер көп.
Мәслихатта өткен жиында «Нұр Отан» партиясы Алматы аудандық филиалының төрағасы Гайдар Қасенов қаладағы ең жоғары оқу орындарында әскери кафедраларға квотаның аз берілетініне наразы­лығын білдірді.
– ЕҰУ пен Аграрлық университетте әскери кафедраларға 150 орын ғана квота бөлінген. Ал өздері ақша төлеп онда оқығысы келетін студенттерге рұқсат жоқ. Әскери кафедрада оқығысы келетіндерге неге шектеу қойылған? Елімізге әскери мамандар керек емес пе? – деп қынжылды Г.­Қасенов.
Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының міндетін атқарушы подполковник Айдын Сағынбеков бұл жайтты ҚР Қорғаныс министрі шешетінін, әзірге ондай сұраныс­тың жоқтығын айтты.
Тағы бір айта кетерлік жайт, армиядан жалтарып жүргендер аз емес. Астанада 5 мыңнан астам азамат әскери қызметтен қашып жүр. Ал жалтарып жүре бергендерге, ішкі істер органдарына материалдар жолдап, іс қозғалады. Олар 387-бап бойынша бас бос­тандығынан айырылуы немесе айыппұл төлеуі мүмкін. Мұндай келеңсіздіктердің алдын алу үшін әскерге шақырылу жасындағы азаматтардың арасында тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Әскери қызметтің танымалдығын арттыру үшін БАҚ-та, әлеуметтік желілерде насихаттар жарияланып тұрады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында дене шынықтыру және спорттық, танымдық-тәлімдік шаралар ұйымдастырылады.Патриоттар қайдан шығады?

Қазіргі күні қаланың 99 жалпы білім беретін ұйымдарында 84 әскери-патриоттық клубтар мен 66 «Жас сарбаз» сыныптары жұмыс істейді. Осы жоба аясында жыл басынан бері 516 іс-шара ұйымдастырылып, оған қатысушылар саны, яғни әскери-патриоттық іс-шараларға қатысатын жасөспірімдер қатары 174 мыңнан асып отыр. Бұл – үлкен көрсеткіш.
Мәселен, «SMART-SARBAZ» сыныбы бар. Аталған ұйымдарда 5648 жас өскін тәрбиеленуде. Жақында 68665 әскери бөлімшесінде қалалық «Жас сарбаз» күзгі әскери-патриоттық ойындары өтті. Оның аясында үздік мектептерді, үздік жас сарбаздарды марапаттау рәсімі өтті. Ал жасөспірімдер болса, әскери бөлімшенің тіршілігімен танысып, жауынгерлермен кездесті. Өз өнерлерін ортаға салды. Осының бәрі Қорғаныс істері департаментінің ұйымдастырушылық жұмысының жемісті нәтижесі деуге негіз бар. Жас сарбаздардың білімі мен біліктілігін айқындаған байқау да жоғары деңгейде өткізілді. Қазылар алқасының мүшелері Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Мұхтар Төлеутаев, Қоғамдық даму істері басқармасы басшысының орынбасары Жүсіп Жұмағұлов, Қорғаныс істері департаменті бастығының міндетін атқарушы Айдын Сағынбеков және аталған департаменттің бас­тығының орынбасары Ерболат Жүсіпов әскери біліктілігін көрсеткен оқушыларға алғыс білдіріп, жүлделерін тапсырды.
Жалпы, бейбіт күнде, мүмкін, әскери мамандарға деген сұраныс артып тұрмаған шығар? Дегенмен, Қазақстанға қуатты армия, білікті әскери мамандар аса керектігі даусыз, сондықтан әскер мәселесі уақыт күттірмейтін өзекті әрі маңызды жайт деп білеміз.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1057924
Пікірлер

Көрші сілтемелер