Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-1519366822 %78 %

Теннис: Рыбакина Линц турнирінің ширек финалына шықты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 00:21 - 2019/10/10


Теннис: Рыбакина Линц турнирінің ширек финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина Аустриядағы Линц WTA турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Туристсіздер ме - оқу-жаттығуға Нидерланд еліне барған бокс бапкерлері сынға қалды Нұр-Сұлтанда Ұлттық спорт университеті ашылады – ҚР ҰОК президенті Тимур Құлыбаев Қазақстан бокс федерациясы басшылығынан кететінін мәлімдеді

Әлемнің 43-ракеткасы Е.Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 166-орында тұрған германиялық Анна-Лена Фридзаммен кездесті.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:3 есебімен ұтса, екіншісінде қарсыласы есе қайырды – 7:5.

Үшінші, шешуші сетте Е.Рыбакина таразы басын өзіне аудара білді – 6:4.

Тартысты бәсеке 2 сағат 11 минутқа созылды.

Е.Рыбакина Линц додасының (жүлде қоры – 250 мың АҚШ доллары) жартылай финалына шығу үшін әлемнің 57-ракеткасы, франциялық Ализе Корне немесе рейтингте 72-орындағы латвиялық Елена Остапенконың біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Тяньцзинь турнирінің ширек финалына шыққанын, ал Михаил Кукушкиннің Шанхайда ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1057921
Пікірлер

Көрші сілтемелер