Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-19729232138 %62 %
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-21320127968 %32 %

Өскеменде 62 көп қабатты үй жылу маусымына дайын емес - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 23:50 - 2019/10/09






Қаладағы жылуға жауаптылар, бұл баспаналарды басқаратын жеке пәтер иелері коопертивтері міндеттерін дұрыс атқармаған деп отыр. Енді соның кесірін тұрғындар тартады. Айтпақшы, жылуға қосылмаған үйлердің көбінде коммуналдық қарыз қордаланып қалған.

Әбден тозығы жеткен екі қабатты бұл үйдің жылуы жылда жыр болады. Биыл да дайын болмай шықты. Тұрғындардың басым бөлігі үйді қысқа дайындау үшін жеке пәтер иелері кооперативіне қажетті қаржыны тамыз айында жинап берген. Бірақ нәтиже шамалы. Енді күндіз күншуақтап, ал түнде жылыту қондырғыларды қосады. 

Надежда Щитикова, зейнеткер:

- Қашан қосылатыны белгісіз?  Алдағы уақытта не болатынын білмейміз. Қазір күн жылы болған соң шыдап отырмыз. Шығыстың суығын білесіздер ғой. Мына біз секілді қарт адамдар қалай шыдаймыз?! Қазір ауырмаудың әрекетін жасап жүрміз. 

Алина Мошкова, қала тұрғыны:

- Бұл біздің кінәміз емес екенін бәрі жақсы біледі. Тұрғындар болып жиналып, тамыз айында жылу жүйесінің қысымын тексертуге тапсырыс бердік. Әлі күнге дейін істелген жоқ. Қазір 8 айлық нәрестемді тоңдырмас үшін электр пешті қолданып отырмын. 

Қаланың шетіндегі көп қабатты бұл үйдің жылу жүйесін реттейтін 100-ден аса бұранда қолды болған. Осы маңдағы басқа баспаналарға жылу қазанның екісінде берілген. Тек 100 пәтерлі осы үй ғана қосылмаған. Енді қолды болған құрылғыларды қайта орнату үшін  тұрғындар қаржы жинап жатыр. 

Владимир Семенов, жеке пәтер иелері кооперативінің төрағасы:

- Ұрланған сол бұранда-шұраларды қайта сатып алып, орнтау үшін тұрғындар қаражат жинады. Қазір бірітіндеп жұмысты бастадық Бірақ жылу жүейсіне қажетті құрылғыларды толық орнату үшін аз дегенде 10 күн кетеді. 

Жалпы жылу өскемендіктерге биыл былтырғыдан ерте берілді.Бірақ қала бойынша 62 үй қосылған жоқ. Себебі әртүрлі. 

Талғат Қайыркенов, «Өскемен жылу жүйелері» АҚ техникалық директоры:

- Негізгі себебі қосылмағандар ол керекті минималды жұмыстарын жылу жүйеге атқарған жоқ. Ол ішкі жылу жүйесін гидравликалық сынықтан өткізу керек. КСК-ның тұрғындармен өздерінің арасындағы келіспеушілік бар шығар.

Келіспеушліктің бары рас. Қазір  пәтер иелері кооперативіне кейбір  тұрғындар шаш еткетен қарыз. Негізінен осы берешегі бар үйлер қысқа дайын болмай шықты.

Фархат Жылыбаев, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жетекшісі:

- Дәл бүгінге дейін қала бойынша тұрғындардың  пәтер иелері кооперативіне қарызы 237 миллион теңге. Бұл шамамен 30 мың пәтер.Техникалық  тұрғыда дайын емес үйлер жылуға қосылмайды.Ертең ол үйлердің жылу жүйесінен ақау шығып, апат болса жауапкершілікті кімнен сұраймыз.

Аймақта қазан айы жылы басталды. Бірақ оған қарамастан әлеуметтік мекемелерге жылу толық берілді. Ал алда қарашаның қара суығы тұр. 

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1057913
Пікірлер

Көрші сілтемелер