Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-23211168423 %77 %

Елбасы: Жемқорлықпен күресудің озық тәжірибелерін енгізуіміз керек



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 23:40 - 2019/10/09


Елбасы: Жемқорлықпен күресудің озық тәжірибелерін енгізуіміз керек

Елбасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевпен кездесті, - деп хабарлайды Elbasy.kz сайты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті агенттіктің тиімділігін арттыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық тәжірибені қолданудың маңыздылығын атап өтті.

"Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйені жетілдіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдадық. Алайда, шет елдердің тәжірибесін зерттеуді жалғастырып, қылмыстың осы түрімен күресудің озық тәжірибелерін енгізуіміз керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне қатысуы қажеттігіне назар аударды. "Халық сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресуі қажет. Заң бұзылған жағдайда азаматтар уақтылы хабарлауға тиіс, ал мемлекет белсенді азаматтарды қолдауы керек", - деді Елбасы. Кездесу барысында Алик Шпекбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа орталық мемлекеттік органдармен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп "Адалдық алаңы" жобасын іске асыру барысы туралы баяндады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1057911
Пікірлер

Көрші сілтемелер