Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-18758211739 %61 %

Биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары 35 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:57 - 2019/10/09


Биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары 35 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек жалақысын төлеу берешегі бар 35 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мүгедектер күніне орай бір реттік төлем төленеді Бір сиыр мен бірнеше тауық АӘК тағайындауда критерий болмауы тиіс - Нұрымбетов Кепілдендірілген әлеуметтік топтама неліктен 1 жасқа толмаған балаға берілмейді - Нұрымбетов жауабы

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, оларға 4,7 млрд теңге төленді.

2019 жылы республиканың 1594 кәсіпорнында мемлекеттік еңбек инспекторлары 36,6 мың жұмыскердің алдында 5,3 млрд.теңгеге жуық жалақы бойынша берешектерін анықтады.

Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 178 ұйғарым беріліп, 123,3 млн.теңгеден астам айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 35 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалды. Оларға 4,7 млрд теңге төленді.

Жалпы, ағымдағы жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 6 443 тексеру жүргізді, ҚР еңбек заңнамасының 8,9 мыңнан астам түрлі заңбұзушылықтары анықталып, 253 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1057885
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар