Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


2019 жылғы химиядан Нобель сыйлығы литий-ион батареясын жасағандарға берілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 21:40 - 2019/10/09

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/2019-zhylgy-khimiyadan-nobel-syylygy-litiy-ion-batareyasyn-zhasagandarga-berildi


Биыл химиядан Нобель сыйлығы литий-ион батареясын жасағандарға беріледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" nobelprize.org сайтына сілтеме жасап.

2019 жылғы сыйлықты химиктер - Джон Гудэнаф (John B. Goodenough), Стэнли Уиттингем (Stanley Whittingham) және Акира Ёсино (Akira Yoshino) алатын болды. Олар литий-ион аккумуляторларын әзірлеген.

Лауреаттардың есімін жариялау салтанатының трансляциясы сыйлықтың ресми сайтында тікелей көрсетілді.

Ал сыйлықты табыстаудың ресми салтанаты Альфред Нобель қайтыс болған күні - 10 желтоқсанда Стокгольмде болады. Лауреаттарға марапатты Швеция королі Карл XVI Густав табыстайды.

Айта кетейік, 2019 жылғы сыйлықтың көлемі шамамен бір миллион долларға жуық. Үш химик соны бөліп алады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1057883
Пікірлер

Көрші сілтемелер